Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша дәріхана жобасына қолдау тапты.

29 желтоқсан 2017 ж., 18:59

Кәсіпкер Дәулет Барлыбаев өз бизнесін ашылғанға дейін, фармацевтикалық көтерме-бөлшектерде жұмыс жасап келді. Барлық жинаған тәжірибесімен дәріхана бизнесінің  ерекшеліктерін з ерделеген соң, ол өз бизнесын ашуға бел буды. 2016 жылы фармацевтикалық  бөлшектермен айналысатын  ЖШС "Eurasia Farm" жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде  тіркелді.


Дәулет Барлыбаев Атырау қаласында бірнеше дәріхана ашқаннан кейін, өз бизнесін кеңейту мақсатында қала тұрғындары көп орналасқан  Нұрсая ықшам ауданынан тағы бір дәріхана ашуды жөн көрді. КҚКО-ның кеңесшілерінен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша айналым қаражатын толтыру жөнінде мағлұмат алып,  «Сбербанк» АҚ ЕБ  - не айналып қаражатын толтыру үшін несие алуға өтініш береді. Аталған жоба бойынша "Сбербанк" АҚ ЕБ 10,0 млн. теңге көлеміндегі  6 % жылдық мөлшерлемемен несиені мақұлдайды. Оның ішінде Даму Қоры кепілдігі 1582.0 млн.құрайды.


Қазіргі таңда  ЖШС "Eurasia Farm" дәрі-дәрмекпен медицина құралдарының бөлшек сауда – саттығымен айналысатын фармацевтикалық компания болып табылады.   Мекеменің тауарлары дәрілік заттар, шөптен және биологиялық активті қоспалар, сондай-ақ медициналық аспаптар, фармацевтикалық өнімді жетекші өндірушілермен жеткізілетін фармацевтикалық өнімдері болып табылады.                         

                                       
Сондай-ақ маркетингтік зерттеулер негізінде, дәріханалардың мақсатты аудиториясы анықталды. Олар  30-дан 45 жасқа дейінгі әйел адамдар Олар дәріханада, дәрі-дәрмектер ғана емес сымбаттылыққа арналған тауарлар, балаларды тамақтандыру өнімдерін көргесі келеді.  Мұнда бастысы қызмет көрсетудің сапасы, ыңғайлылығы, тездігі , және жақсы атмосфера.
ЖШС "Eurasia Farm" Дәулет Барлыбаевтің айтуынша: - "Бәсекелестік артықшылықтарға ие болу үшін болшақ бизнесімді кеңейту түрінде  ашық пішінде дәріхана Маркет бағытында және  сауда залына  кеңесшілер тарта отырып ірі кәсіп орындарға, әлеуметтік салалар   (ауруханалар, мектептер, балабақшалар) – мемлекеттік сатып алу арқылы қатысып, дәрілік заттарды жеткізу.