Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

«Даму» Қорының Астаналық филиалы серіктес банктерді «Тұңғыш президент күнімен» құттықтады

5 желтоқсан 2017 ж., 16:05

«Тұңғыш президент күні» мемлекеттік мейрам қарсаңында Астана қаласы бойынша «Даму» Қорының Астаналық филиалы серіктес банктер үшін кездесу өткізді.

Кездесу достық және бейресми жағдайда өтті, «Даму» Қорының аймақтық филиалы директоры Исламбек Қайырбеков мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда белсенді ынтымақтастықтары үшін банктерге алғыс айтты, болашақта жұмыста табыс және қойған мақсаттарға жетуді тіледі.

Сондай-ақ «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Банк ВТБ (Қазахстан)» АҚ ЕҰ, «Қазахстан Халық банкі» АҚ, «ForteBank» АҚ банктер директорлары мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды дамытуға және «Даму» қоры қаржы құралдарын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін құрмет грамоталарымен марапатталды.