Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Елена Бугаенко бизнес-фитнес өткізді

6 қараша 2017 ж., 09:54

Көкшетауда «Бизнес-фитнес» жобасы бойынша тренинг өтті. «Буратино» оқу орталығының жетекшісі Елена Бугаенко жиналысқа қатысушыларды «Табысқа жету жолдары» деген тақырыпта іскерлік тәжірибесімен бөлісті.

Елена Бугаенко - тәжірибелі ұстаз. Бизнес ашуға бір жыл ішінде жеткен жоқ. Елена тәжірибелі педагог, жалақысы жақсы жұмысы болғанына қарамастан, өз өмірін түбегейлі өзгертіп, іскер әйел болуды шешті. 2014 жылы Елена жұмысын тастап, бөлме жалдап, бала оқытуға кірісті.

Бизнесте тәжірибесі аз, ісін жаңадан бастағандықтан оңай болған жоқ. Алғашында тапқан табысы мұғалімдердің жалақысы мен жалға алынған бөлменің ақысын жабуға ғана жететін. Табыс әрине болды, бірақ аса көп емес әрі, бұрынғы тұрақты жұмыста алған жалақыдан аз еді. Бірақ Елена беру орталығын ашу жайлы мақсатынан айныған жоқ. 2015 жылы ол бизнесінің мемлекет тарапынан қолдау табатынын түсініп, «Даму» қорына өтініш білдірді. Сбербанк оның жобасын қолдады, енді Елена Бугаенконың «Буратино» атты оқу орталығы бар.

Тренинг барысында Елена сәттілік туралы ғана емес, сонымен бірге қиындықтар туралы да әңгімеледі. Оның айтуынша, егер бизнесіңізді бастағыңыз келсе, онда шыдамды болуға тура келеді. Ал бастысы – алған мақсатыңызға жетпей тынбау. Сонда бәрі сіз ойлағандай болады.