Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Алматы облысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын кәсіпкерлерге түсіндіру мақсатында кездесу өтті

2 қараша 2017 ж., 16:41

31 қазаңда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын түсіндіру мақсатымен Талдықорған қаласына «Даму» Қорының Басқарушы директор- Басқарма мүшесі Қуаныш Ұласбеков келді.

Талдықорғаннан кейін Текелі моноқаласына барды. Онда мемлекеттік бағдарлаға қызығушылық білдірген қатысушылармен кездесу өтті. Кездесуге екінші деңгейлі банк басшылары, Алматы облысы бойынша Кәсіпкерлік және индустрия– инновациялық даму басқармасының басшысы Алимжан Имтахунұлы Тохтасунов, Талдықорған қаласы әкім аппаратының басшысы Абзал Керімбекұлы Жаншабай, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Алматы облысы бойынша аймақтық филиалының директоры Бахыт Мұсаұлы Мұсаев қатысты.

«Даму» Қоры өкілдері қатысатын мұндай кездесулер республика бойынша өтіп жатыр. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру үшін Талдықорған және Текелі қалаларына 1 млрд теңге бөлінді. «Даму» Қоры «Халық Банк», «НұрБанк», «БанкЦентрКредит», «Fortebank», «Сбербанкпен» ынтымақтастық туралы келісімге отырды.

Кездесуде кәсіпкерлерге жылына 6%-бен бизнеске арналған несие алу мүмкіндігі түсіндірілді. Несие 18 млн теңгеге дейін беріледі. Сондай-ақ, «Даму» Қоры кепілдік береді. Кепілдік мөлшері: ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін несие сомасының 85%-на дейін, жұмыс істеп тұрған кәсіпорын үшін 50%-ға дейін.

«Бағдарламаны іске асыру тамыз айында басталды. Бүгінгі күні біз өтінімдерді қарай отырып, кәсіпкерлердің жолындағы басты проблемаларды анықтадық. Бағдарламаны жақсарту бойынша кейбір ұсыныстарды жинадық. Осындай кездесулер қорытынды жасауға мүмкіндік береді және кәсіпкерлермен кері байланыс орнатуға болады», - деді Басқарушы директор-Басқарма мүшесі Қуаныш Ұласбеков.