Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Құрметті Шымкент қаласының кәсіпкерлері!

15 қыркүйек 2017 ж., 18:58

«Даму» Қорының кепілдігімен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша 6%-дық несие алуға шақырамыз.

Бұл бағдарламаға қатысуға міндетті талаптар:

  1. Іс бастаған кәсіпкерлер үшін – кәсіпкерлік негіздерін оқығаны жайлы сертификат, жергілікті салық органдарында ЖК (ШҚ) ретінде тіркелуі.
  2. Бизнесі бар кәсіпкерлер үшін – кем дегенде несиелеу уақыты аяқталғанға дейін тұрақты жұмыс орындарын ашу.
  3. Микронесиелеу талаптары:
  4. Кәсіпкердің қолына жылдық мөлшерлемесі 6 пайыздық несие тиеді;
  5. Несиенің ең жоғарғы сомасы – 8 000 АЕК (18 152 000 теңге), бір адамның қолына;
  6. Несие инвестиция, айналым қаражатын толтыруға жұмсалады. Дегенмен, микронесиелер сауда саласында қызмет ететін кәсіпорындардың айналым қаражатын толтыруға берілмейді;
  7. Салалық шектеу жоқ.

Микронесиелерге кепілдік беру талаптары:

Бағдарламаға қатысушы үшін қайтарымсыз кепілдік беріледі.

Кепілдік мөлшері:

1) іс бастаушы кәсіпкерге – микронесие сомасының 85%-ынан аспайды;

2) бизнесі бар кәсіпкерге – микронесие сомасының 50%-ынан аспайды.

Толық ақпарат алу үшін мына мекен-жай бойынша: Шымкент қ., Байтурсынов көшесі, 88 В үй, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығы.тел: 8/7252/99-70-49