Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Астанада 17-20 қыркүйекте Көрме орталығында Х Халықаралық KazInterMebel Жиһаз, Интерьер және Ағаш өңдеу ісі көрмесі өтеді

15 қыркүйек 2017 ж., 11:45

CentralAsıaExpo көрме компаниясы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Х Халықаралық KazInterMebel Жиһаз, Интерьер және Ағаш өңдеу ісі көрмесіне келуге шақырады. Шара 17-20 қыркүйекте Астанадағы Көрме орталығында өтеді.

Шет елден шамамен 100 компания келеді. Көрмеде жиһаз нарығын толық қамтып көрсетуге, әр компанияға заманауи жұмыстарын, өнімдерін және кәсіпорын қызметтерін паш етуге мүмкіндік туады.

Көрме көтерме сатушылар мен әлеуетті клиенттерді біріктіреді, бұл - ауқымды саудаға жағдай жасайды. Осы жылы Астанадағы көрмеде өндірушілер, сауда жүйесі, салондар өкілдері, көтерме сатып алушылар, коммерциялық және мемлекеттік ұйымдар жетекшілері, мейрамханалық және қонақүй бизнесіне тапсырыс берушілер, дизайнерлер, архитекторлар және басқа сала мамандары, инвесторлар және девелоперлер жиналады.

Күн сайын жетекші жиһаз компаниялар семинар мен шеберлік сабақтарын өткізеді. Шамамен 20 компания іскерлік бағдарламада спикерлерін ұсынады.

Қызықты кездесулер мен жемісті диалогтар тілейміз!