Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Құрметті Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлері !

15 қыркүйек 2017 ж., 11:20

«Даму» Қорының кепілдігімен Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша 6%-дық несие алуға шақырамыз.

Бұл бағдарламаға қатысуға міндетті талаптар:

  • Іс бастаған кәсіпкерлер үшін – кәсіпкерлік негіздерін оқығаны жайлы сертификат, жергілікті салық органдарында ЖК (ШҚ) ретінде тіркелуі.
  • Бизнесі бар кәсіпкерлер үшін – кем дегенде несиелеу уақыты аяқталғанға дейін тұрақты жұмыс орындарын ашу.

Микронесиелеу талаптары:

  1. Кәсіпкердің қолына жылдық мөлшерлемесі 6 пайыздық несие тиеді;
  2. Несиенің ең жоғарғы сомасы – 8 000 АЕК (18 152 000 теңге), бір адамның қолына;
  3. Несие инвестиция, айналым қаражатын толтыруға жұмсалады. Дегенмен, микронесиелер сауда саласында қызмет ететін кәсіпорындардың айналым қаражатын толтыруға берілмейді;
  4. Салалық шектеу жоқ.
  5. Микронесиелерге кепілдік беру талаптары:
  6. Бағдарламаға қатысушы үшін қайтарымсыз кепілдік беріледі.

Кепілдік мөлшері:

1) іс бастаушы кәсіпкерге – микронесие сомасының 85%-ынан аспайды;

2) бизнесі бар кәсіпкерге – микронесие сомасының 50%-ынан аспайды.

Толық ақпарат алу үшін мына мекен-жай бойынша: Петропавл қ., Жабаев к-сі, 191-үй, кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығы «Даму» Қоры, анықтама үшін телефон: 55-98-10.