Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

15 қыркүйек күні Қызылордада «Мемлекеттік бағдарлама аясында несиелендіру» тақырыбында семинар өтеді

13 қыркүйек 2017 ж., 15:59

Құрметті кәсіпкерлер! Егер сіздер шағын және орта бизнеске арналған несиелендіру бағдарламаларына қатысу шарттары бойынша толық ақпарат алғыларыңыз келсе, «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өтетін семинарға келіңіздер!.

Семинар бөлімдері:

  • Қысқа мерзімде бизнеске қалай несие алуға болады?;
  • «ДАМУ-БЛИЦ» несиелендіру технологиясының ерекшеліктері;
  • Банк тарапынан несие рәсімдеу барысында кепілмүлік нысанына қоятын негізгі талаптар;
  • Несие алуға қажетті құжаттар тізбесі;
  • Несие алу үшін қажетті бизнес-жоспардың ерекшеліктері;
  • Мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыландыру;
  • «Даму» Қорының кепілдемесі кәсіпкерге қандай мүмкіндік береді?;
  • «Даму» Қорының ШОБ кәсіпорындарына арналған қаржылық құралдары;
  • Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қаржы агенттерінің қызметтері.

Өтетін мекен-жай: Қызылорда қ, И.Журба көшесі,12, КҚКО ғимараты,2 қабат, мәжіліс-залы.

Өтетін күні мен уақыты: 15.09.2017ж, басталуы сағ. 10.00-де.

Ақпарат телефондары: +7 7242 55 11 18, +7 7011511197.