Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша семинар өтеді

11 қыркүйек 2017 ж., 18:48

2017 жылдан бастап республикамызда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Бағдарлама мақсаты – кәсіпкерлікке бейімі бар азаматтарды қаржылай және қаржылай емес (оқыту) жағдай жасау арқылы шағын кәсіпкерлер субъектілерінің санын арттыру.

Осы мақсатта биыл қыркүйек айының 11-13 аралығында Қарағанды облысының моноқалаларында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов, Қордың Қарағанды облысы бойынша аймақтық филиал директоры Гүлнар Хасенова, Банк қызметкерлері, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» ММ және «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ қызметкерлерінің қатысуымен семинар өтеді.

Өз бизнесін ашамын немесе дамытамын деушілерге төмндегі мекен-жайға мына кесте бойынша келуге болады:

Өткізу орны: Жезқазған қаласы, Сейфуллин көш. 35, «Нұр – Отан» партиясы ғимараты

Басталуы: «11» қыркүйек 2017 ж. сағ. 10.00

Өткізу орны: Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғ. 108, Әкімшілік акты залы

Басталуы: «11» қыркүйек 2017 ж. сағ. 12.00

Өткізу орны: Қаражал қаласы, Сары тоқа көш. 1, Әкімшілік ғимараты

Басталуы: «11» қыркүйек 2017 ж. сағ. 17.00

Өткізу орны: Шахтинск қаласы, Құланбаев көш. 50а, Әкімшілік ғимараты, 4 қабат

Басталуы: «12» қыркүйек 2017 ж. сағ. 10.00

Өткізу орны: Абай қаласы, Абай көш. 26, Әкімшілік ғимараты

Басталуы: «12» қыркүйек 2017 ж. сағ. 12.00

Өткізу орны:Саран қаласы, Жамбыл көш. 69, Мәдениет үйі ғимараты

Басталуы: «12» қыркүйек 2017 ж. сағ. 14.00

Өткізу орны: Теміртау қаласы, Тәуелсіздік бульвары 9, Салық басқармасы ғимараты

Басталуы: «12» қыркүйек 2017 ж. сағ. 17.00

Өткізу орны: Қарағанды қаласы, Құрылысшылар даңғ. 4, «Даму» Қоры ғимараты

Басталуы: «12» қыркүйек 2017 ж. сағ. 18.00

Өткізу орны:Балқаш қаласы, Уалиханов көш. 3, Әкімшілік ғимараты

Басталуы: «13» қыркүйек 2017 ж. сағ. 11.00

Бағдарламаға қатысушылар кәсіпкерлер, ісін бастаған кәсіпкерлер, кәсіпкерлік әлеуеті жоғары өзін өзі жұмыспен қамтушылар және ерекше көңіл бөлінетін Start up жобаларымен жас кәсіпкерлер қатыса алады.

Микронесиелеу шарттары:

Соңғы қарыз алушыға сыйақы мөлшері: жылдық 6 пайыз

Несиенің максималды сомасы – 1 қарыз алушыға 8 000 АЕК (18 152 000 теңге)

Несиелер беріледі - инвестицияларға, Айналым қаражаттарын толықтыруға (сауда саласын қоспағанда)

Салалық шектеулер және комиссия – жоқ

Микронесиелерге кепілдеме беру шарттары:

Бағдарлама қатысушыларына Кепілдеме тегін беріледі

Кепілдеме мөлшері:

ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге – сомадан 85%-ға дейін

кәсіпкерлерге микронесие сомасынан 50%-ға дейін