Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Павлодарда кәсіпкерлерге арналған семинар өтеді

8 қыркүйек 2017 ж., 16:36

«Даму» Қорының Павлодар филиалы білім және денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді түсіндірме семинарға қатысып, сұрақтарына құзыретті орган мамандарынан жауап алуға шақырады.

Шараның мақсаты: шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлерге кепілдік пен субсидия түріндегі мемлекеттік қолдау негіздерін түсіндіру.

Түсіндірме семинарына қатысып, өздеріңізді толғандырып жүрген сұрақтарыңызға жауап алуға шақырамыз.

Өтетін орны: Павлодар қаласы, Короленко көшесі 109, КҚКО ғимараты, конференц-зал.

Өткізілетін күні мен уақыты: 12 қыркүйек, сағат 16.00-17.00 дейн.

Толық ақпарат алу немесе семинарға қатысуға өтiніш беру үшін мына телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз: + 7 7182 20 83 59