Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Талдықорған қаласында 6-8 қыркүйек аралығында «Жаңа бизнес ашуды қолдау» жобаcы аясында үш күндік семинар өтеді

5 қыркүйек 2017 ж., 09:46

Семинарда кәсіпкерлікті бастау және одан әрі қарай алып кету бойынша ақпарат алуға болады.

«Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында Старт-ап жобаларға ауызша және тәжірибе жүзінде кеңес беріледі.

Оқу барысында бизнесті қалай ашуға болатынын біліп, құрған компания жұмысын оңтайландыру жайында мағлұмат аласыз. Сондай-ақ бизнес, маркетинг, бизнестің заңдық тетіктері, адам ресурстарын басқару және қаржыландыру бойынша білім аласыз.

Семинарға бизнес-идеясы бар, 18 жасқа толған жастар мен Алматы облысының кәсіпкерлері шақырылады.

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: 8(7282) 55-87-10, 24-17-27, zhandos.nurgazinov@fund.kz, Aliya.nugmanova@fund.kz

«Даму» Қорының call-центр – қысқа нөмірі 1408