Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

«Startup Академия» жобасы

Жоба мақсаты Стартаптың дамуына қолайлы жағдай тудыру және акселерация жасау жолымен кешенді қолдау болып табылады.

Жобаның негізгі міндеттері:

  • Стартап тардың дамуына акселерация арқылы жәрдемдесу;
  • Стартаптарға материал дық -техни калық , интеллектуал дық , ақпараттық ресурс тар ұсына отырып қолдау ;
  • Кәсіпкерлік белсенділіктің дамуын ынталандыру;
  • Шағын бизнес субъектілерінің санын арттыру;
  • Кәсіпкерлікті қолдау шараларымен қамтылған Стартаптар санын ұлғайту болып табылады

Мақсатты топтары

18 жастан бастап және одан жоғары Қазақстан Республикасының тұрғындары мен/немесе болашағы бар бизнес-идеялары бар істерін бастаушы кәсіпкерлер

Жүзеге асыру кезеңі : тоқсан сайын

Жобаны жүзеге асыру орны:

  1. Астана қаласында, Л. Гумелев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде,
  2. Алматы қаласында, Еуразиялық технологиялық университетінде,
  3. Атырау қаласында, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде,
  4. Павлодар қаласында, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті.

Жоба келесі тәртіпте жүргізіледі:

  • Стартаптардың өтінімдерін қабылдау және іріктеу;
  • «Startup Академия» Стартаптарға материалдық-техникалық, интеллектуалдық, ақпараттық және өзге де ресурстар ұсыну ;
  • Стартаптарға акселерациялық қолдау көрсету;
  • Стартаптарға инвесторлар/демеушілер табуға жәрдемдесу;
  • Қордың қаржылық бағдарламаларына қатысуға және/немесе мемлекеттік грант алуға өтінім беруде Стартаптарға жәрдемдесу;
  • Үздік Стартаптарға шетел тағылымдамасынан өтуді ұйымдастыру;
  • Жобаны іске асыруға қатысты өзге де әрекеттерді жүзеге асыру.

Стартаптардың өтінімдерін қабылдау және іріктеу

1) Стартаптар қатысу өтінімін өндіріс салаларына байланыссыз береді.

2) Өтінім беруші жобаға өтінімді 1-қосымшаға сәйкес нысанды толтыра отырып, береді.

3) Комиссия Startup Академия базасында Жоба Қатысушыларына 2-қосымшада көрсетілген өлшемдер бойынша іріктеу жүргізеді. Тоқсан сайын Жобаға қатысуға ең жоғарғы бал жинаған 20 (жиырма) қатысушыны таңдайды.

Стартаптарға Акселерациялық қолдау келесі көрсетілгендерден тұрады:

Оқыту:

1) Аймақтық филиал Серіктес ұйыммен бірлесіп Жоба қатысушыларына стартаптарды шығару және дамыту тренингін ұйымдастырады. Тренинг тәжірибелік жаттығуларды, тапсырмаларды, мысалдарды, іскерлік және рольдік ойындарды, сонымен қатар, өзге де интерактивтік оқыту тәсілдерін пайдалана отырып жүргізеді.

2) АФ оқытудан кейін 3-қосымшаға сәйкес Кері байланыс сауалнамасын жүргізеді.

Кеңестік-тәжірибелік сүйемелдеу .

1) Startup Академи я кеңесшісі Стартаптарға бизнесті құру және дамыту, инвесторлар алдына пичтер дайындау, ШОБ субъектілері ретінде тіркелу, кәсікерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысу мәселелері бойынша кеңестер береді.

2) Startup Академи я кеңесшісі Стартаптарға кеңестік-тәжірибелік сүйемелдеу жүргізеді, атап айтқанда, Қор құралдары бойынша қаржылық қолдау, мемлекеттік гранттар алу және т.б. қаржылай қолдау алу үшін өтінім беру мақсатында құжаттар пакетін және бизнес-жоспарлар дайындау бойынша жүргізеді.

Тәлімгерлік ету.

1) Жоба қатысушылары Тәлімгерлік түріндегі қолдауды пайдалана алады.

2) Тәлімгерлік түріндегі қолдау алу жөніндегі өтінім 4-қосымшаға сәйкес беріледі.

3) Бір Тәлімгер бірнеше Стартаптармен жұмыс жасауы мүмкін.

4) Тәлімгер Стартапқа жан-жақты қолдау көрсетеді, оның ішінде стратегиялық даму, маркетинг және сату, бухгалтерлік есеп және салық салу, қоғаммен байланыс және т.б. аймақтарда қолдау көрсетеді.

Сарапшылық қолдау көрсету

Сарапшылық қолдауды аймақтық филиалдар Startup Академия базасында кәсіпкерлік аймағындағы сарапшылардың, табысты кәсіпкерлердің қатысуымен шеберлік сынптары, коуч-сессиялар, кездесулер және өзге де іс-шаралар өткізеді.

Байқау өткізу арқылы бәсекелестік ортаны құру

1) Байқау питчинг/ Demo Day нысанында өткізіледі.

2) Байқау мақсаты – Стартап жобалардың іске асуын қаржыландыру мақсатында әлеуеттік инвесторлар/демеушілер алдында Стартап жобаларды шығару, көрсету.

3) Байқау «Startup Академия» базасында өтізіледі.

Стартаптарға инвесторлар/демеушілер табуға жәрдемдесу

1) Аймақтық филиал жоба қатысушыларын қаржылық қолдау мақсатында әлеуетті инвесторлар/демеушілер табуға жәрдемдеседі.

2) Әлеуетті инвесторлар/демеушілер 5-қосымшаға сәйкес байқауға қатысуға Өтінім-Келісім толтырады.

Қордың қаржылық бағдарламаларына қатысуға және/немесе мемлекеттік грант алуға өтінім беруде Стартаптарға жәрдемдесу;

Қордың қаржылық бағдарламаларына қатысуға және/немесе мемлекеттік грант алуға өтінім беруде Стартаптар қызығушылық танытқан жағдайларда Startup Академия кеңесшісі Қор жүзеге асыратын қаржылық бағдарламалар бойынша толық ақпараттар ұсынады.

DOC «Startup Академия» жобасына қатысуға Өтінім (Қосымша №1) және Қосымшалар №2-5 (120.5 Kb)

XLS Startup Академия жобасы шеңберінде оқыту кестесі (8.84 Kb)