Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Анонстар

12 тамыздан бастап Алматы облысының аудандарында Мобильді кәсіпкерлікті қолдау орталығы жұмысқа кіріседі. МКҚО қызметтері шағын және орта кәсіпкерлік субектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар ауылдық жердегі халыққа бизнесті ашу жолдарын, бухгалтерлік есепті жүргізу, бизнес-жобаны құру және «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасы туралы тегін кеңес береді.

Құрметті кәсіпкерлер! Сіздерді 2015 жылғы тамыздың 19 күні сағат 10:00 – 17:00 «Даму» Қорының ғимаратында өтетін Қазақстан мен Корея іскерлік топтарының бизнес-миссиясының жұмысына қатысуға шақырамыз!

Тамыз айының 11 жұлдызы күні «Даму» Қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында Оңтүстік Қазақстан облысының жастарына арналған «Өз бизнесіңді баста!» тақырыбында семинар-тренинг өтеді.

Бизнесті жүргізу кезінде қиындықтар туындады ма? Шетелдік сарапшылармен кеңесу қажет пе? Онда «Даму» қорының «Аға сеньорлар» бағдарламасына қатысыңыз.

Ағымдағы жылдың 7 тамызынан бастап Қарағанды облысы бойынша Кәсіпкерлікті қолдаудың мобильді орталығы жолға шығады. КҚМО кеңесшісі ауыл тұрғындарына «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасы мен Қордың басқа да бағдарламалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

«Даму» Қорының Павлодар филиалы «Startup«Bolashak» жас кәсіпкерлікті қолдау бойынша стартап-жобалардың сайысына өтініш қабылдаудың басталғандығын жариялайды.

«Шағын және орта бизнеске арналған сатудың тиімді жүйесін құру». Осындай тақырыппен тамыздың 5 күні Алматыда тәжірибелі бизнес жатыққырушы, бизнесті дамыту мен сату басқармасы саласының тәуелсіз кеңесшісі – Александр Пономарёв семинар өткізеді.

Құрметті Қызылорда облысының тұрғындары! 2015 жылдың 03 тамызынан бастап «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның «Мобильдік кәсіпкерлікті қолдау орталығы» Қызылорда облысының барлық аудандарында кеңес беру жұмыстарын жүргізеді. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңесші Қуатбай Матназаров аудан орталығы мен шалғай ауылдардың тұрғындарына кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес береді.

Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары! «Даму» Қорының Мобильді кәсіпкерлікті қолдау орталығы өңір аудандарындағы сапарын жалғастырады. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңесші Ордабек Орынғалиев ауыл тұрғындары үшін кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекетітк бағдарламалары бойынша тегін көшпелі кеңестер береді.

Сенің start-up жобасы үшін мықты идеяң бар ма? Онда 25 000 000 теңге жүлде қоры бар старт-ап жобаларының байқауын қалт жіберме.