Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Анонстар

Құрметті ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер! Егер сіздер өз бизнестеріңізді ашқыларыңыз келсе, жаңа бағыт ашуды немесе ағымдағы бизнес бағытын дамытуды жоспарлап жүрсеңіз, онда сізді «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасын түсіндіру мен мемлекеттік қолдау құралдарын таныстыратын семинарға шақырамыз.

21 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында кәсіпкер әйелдерге арналған шеберлік сабағы өтеді. Дәрісті маркетинг және бизнесті жоспарлау бойынша кеңесші Ирина Васильева мен бизнесті жүргізудің заңдық аспектілері бойынша кеңесшісі Гүлнара Құсайынова өткізеді.

21 тамызда «Даму» Қорында «Істі ілгерілетін жарнама» атты ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген әйелдерге арналған семинар өтеді.

Құрметті Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласының кәсіпкерлері! Ақтау қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрмсету орталығында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасы таныстырылады. Шараны Маңғыстау облыстық «Даму» Қоры аймақтық филиалының бас менеджері Қалымбеттова Гүлжан Жолмырзақызы өткізеді.

Құрметті Маңғыстау облысының ісін жаңадан бастаушы кәсіпкерлері! 2015 жылдың 18 тамызында сағат 15:00 Ақтау қаласындағы КҚКО ісін жаңадан бастаушы кәсіпкерлерге арналған шеберлік сабақтары мен семинар-тренингтер өтеді.

18 тамызда Алматыдағы КҚКО бизнес үйретуші Болат Садықовтың тренингі өтеді! Тренингтің тақырыбы - «Бизнестің дамуы – стратегиядан әрекетке» деп аталады. Кез келген компания өз дамуының белгілі кезеңінде қаржылық, өндірістік-технологиялық жән екөптеген түйінді кедергілерге тап келеді. Сондықтан аталған тренинг аясында мына тақырыптар қарастырылатын болады:

«Даму» қорының ОҚО бойынша Кәсіпкерлікті қолдаудың мобильді орталығы өңірдегі аудан мен елді мекендердің кәсіпкерлері мен кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге қызмет көрсетуді жалғастырады.

ШҚО –ның кәсіпкерлік және индустриялы-инновациялық дамыту басқармасы «БЖК-2020» бизнесті дамыту және қолдаудың біріңғай бағдарламасы бойынша гранттық қаржыландыруға өтініштер жинаудың басталғандығын хабарлайды.

14 тамызда Павлодар қаласында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Павлодар облысы бойынша аймақтық филиалында «Жұмыс берушіге жаңа қызметкерлерді жұмысқа қабылдағанда не туралы білуі керек» атты семинар ө ткізіледі . Семинарда жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек қатынастары на қатысты мәселелер қарастырыла ды. Кәсіпкерлер қызметкерді жұмысқа қабылдағанда қалай дұрыс ресімдеу керектігін біледі.

Қымбатты достар, Павлодар облысындағы «Даму» қорының Аймақтық бөлімшесінде Сіздер облысымыздағы жұмыс істеп жүрген табысты кәсіпкерлермен жүздесіп, өз ауызынан отбасылық бизнесті қалай құрғаны жайлы естейтін боласыздар. Сонымен қатар бұл шарада, құқықтық, қаржылық және салық аудиті салалары бойынша және тағы да басқа сұрақтарға ауқымды кеңес ала аласыздар.