Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Анонстар

Астанада «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Медицинская клиника Центр гемодиализа» ЖШС «Даму Өңірлер ІІІ» бағдарламасы бойынша «Даму» қорынан мемлекеттік қолдау алды.
Кездесуде филиал директоры «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы туралы, қандай мақсаттар үшін бағдарлама жасалған, қандай шарттар бойынша жүзеге асырылады, қаражаттандыру және кепілдікке беру құралдары жайында түсіндіріп берді.
Іс-шара іс бастаушы кәсіпкерлердің өз бизнесін бастау мен кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізу бағытында білімдерін арттырып, машықтандыруды көздейді.
Мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңесші Мадияр Амиркенов аудан орталығы мен шалғай ауылдардың тұрғындарына кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша және Бәйтерек» ҰБХ АҚ еншілес компанияларының бағдарламалары бойынша ақпараттандыру жұмыстарын жүргізеді.
Маусым айынан бастап Шымкент және Түркістан қалаларындағы «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында іс бастаушы кәсіпкерлер үшін «Жаңа бизнесті ашуды қолдау» жобасының семинар-тренингіне өтінім қабылдау басталды.
2017 жылғы 5 шілдеде Астана қаласындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Стоматологияда сауданы қалай арттыру керек» атты шеберлік сабағы өтеді.
Шеберлік сабақты қаржы кеңесшісі, коуч, маркетинг және сату бойынша бизнес-тренер, TTI Success Insights сертификатталған серіктес консультанты Айгерім Ахметжанова өткізеді.
Жоба барысында сіз өз бизнесіңізді қалай құруды үйреніп, өзіңіз құрған компанияның қызметін оңтайландыруды білетін боласыз. Өз бизнесіңізді құру бойынша, маркетинг, қызметкерлерді басқару туралы, бизнесті заң негізінде жүргізуді, қаржы туралы білім аласыз. Сонымен бірге: бизнес-жоспар жасау да үйретіледі. ШОБ субъектісі ретінде тіркелу, «Даму» Қорының қаржылық қолдауын алу үшін өтінім құжаттарын жинауға көмек көрсетіледі.
Кәсіпкерлер кәсіпкерлікті жүргізу бойынша қажетті ақпараттық-кеңестік қызметтер, сонымен қатар кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша ақпараттар, және де «Бәйтерек» ҰБХ» холдингінің еншілес акционерлік қоғамдарының бағдарламалары бойынша ақпараттар алады.
Арнайы сіздер үшін ОҚО бойынша «Даму» Қорының Аймақтық филиалы және «АТФ Банк» АҚ филиалы Шымкент қ. қаржы өнімдері бойынша арнайы Workshop өткізеді.