Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Инвестиция ұғымы

 

Инвестиция дегеніміз қаражатты ұзақ мерзімге әр саладағы кәсіпорындарға, кәсіпкерлік жобаларға, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға немесе инновациялық жобаларға құю. Инвестициялар құйылған сәттен бастап ұзақ уақыт өткеннен кейін пайда келтіреді.

Инвестор – бұл өзіндік немесе несиеге алынған немесе басқа жақтан тартылған қаражатты инвестициялық жобаларға құятын заңды немесе жеке тұлға. Инвестор тәуекелдердің аз болуын қалайды. Олар стратегиялық немесе портфельдік инвестор болып бөлінеді.

Инвестициялар төмендегі мақсаттарды шешуге көмектеседі :

  • Қаржы және материалдық қорларды жинақтау арқылы өз кәсіпкерлік іс-әрекетін кеңейту ;
  • Жаңа кәсіпорындарды сатып алу ;
  • Бизнесті жаңа салаларды меңгеру арқылы түрлендіру (диверсификация) .

Барлық инвестицияларды екі негізгі топқа бөлуге болады :

  • Портфель ді инвестици ялар – қаржыны жобалар тобына құю, мысалы әр түрлі кәсіпорындардың акцияларын сатып алу
  • Нақты инвестици ялар – қаржы қаражатты нақты, әдетте ұзақ мерзімді және нақты активтерді сатып алуға тиісті жобаға құю

Инвестициялардың негізгі түрлері :

  • Шетелдік
  • Мемлекеттік
  • Жеке
  • Өндірістік
  • Интеллектуал ды
  • Бақылайтын
  • Бақыламайтын

Әрекет ету жағынан қарастырғанда инвестици ялар мына түрлерге бөлінеді :

  • Алғашқы инвестиции
  • Кеңейтуге бағытталған и нвестици ялар
  • Реинвестициялар – кәсіпорынның бос қаражатын жаңа құралдарды сатып алуға бағыттау
  • Негізгі фондыларды алмастыруға арналған и нвестици ялар
  • Диверсификацияға бағытталатын и нвестици ялар