Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қ. жеке кәсіпкерлік субъектіліерін кейіннен қаржыландыру үшін қаражатты екінші деңгейдегі банктерге және өзге қаржы ұйымдарына келісіп орналастыру Бағдарламасы

Бағдарлама Маңғыстау облысы Жаңаөзен қ. кәсіпкерлерді қолдау мақсатында әзірленген. Жобаларын мұнай-газ өнеркәсібінен, қару-жарақ және акциз салынуға тиісті өнімнен басқа, Жаңаөзен қ. экономиканың барлық салаларында іске асырып жүрген ЖКС жобалары Бағдарлама аясында екінші деңгейдегі банктер арқылы қаржыландырылады.

Қаржыландырудың жалпы шарттары

Нысаналы мақсаты

айналым қаражатын толықтыру; өндірісті ұлғайту; негізгі қорларды сатып алу және оларды жаңғырту; қолданыстағы қарыздарды қайта қаржыландыру.

Атаулы сыйақы мөлшерлемесі

жылдығы 10,0% аспайды




Қарыз сомасы

750 000 000 тг дейін

Қарыз валютасы

теңге

Қаржыландыру нысаны

Несие / қаржы лизингі

Қарыз мерзімі

a) айналым қаражатын толықтыруға- 36 айға дейін;
b) өндірісті ұлғайтуға – 84 айға дейін;
c) негізгі қорларды сатып алу және оларды жаңғырту мақсатына- 84 айға дейін;

d) қайта қаржыландыруға қарыз мерзімі қайта қаржыландырылатын қарыздың нысаналы мақсатына байланысты осы тармақтың (а), (b), (с) тармақшаларында көрсетілген сондай мерзімдерге белгіленеді.

негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік мерзімі

a) айналым қаражатын толықтыруға - 12 айға дейін;
b) өндірісті ұлғайтуға – 24 айға дейін;
c) негізгі қорларды сатып алу және оларды жаңғырту мақсатына- 24 айға дейін;

d) қайта қаржыландыруға қарыз мерзімі қайта қаржыландырылатын қарыздың нысаналы мақсатына байланысты осы тармақтың (а), (b), (с) тармақшаларында көрсетілген сондай мерзімдерге белгіленеді.

Несие желісі бойынша қолжетімділік кезеңі

1 (бір) жылға дейін

Қаржыландыру салалары

мұнай-газ өнеркәсібінен, қару-жарақ және акциз салынуға тиісті өнімнен басқа, экономиканың барлық салаларында

Айрықша шарттар

Бағдарлама бойынша (келесі мақсаттарға) тыйым салынады:

  • 10 АЕК асатын салық және өзге бюджет төлемдері бойынша берешегі бар ШОКС қаржыландыруға;

  • заңды тұлғалардың жарғы капиталдарына қатысуға;

  • шаруашылық қызметіндегі залалдарын жабуға;

  • сенім жүктелген адамдардың (агенттердің) қызметін төлеуге;

Бағдарламаға қатысушылар

  • «Delta Bank» АҚ

  • «Еуразиялық Банк» АҚ

  • «Ресейдің Жинақбанкі» АҚ ЕБ

  • «Банк Центр Кредит» АҚ

  • «Қазақстан халық банкі» АҚ

  • «ForteBank» АҚ

Лизингтік мәмілелер үшін басты шарттар

Әріптес банктердің/ Қаржы ұйымдарының Соңғы қарыз алушыларға Лизингтік мәмілелер үшін Қаражат беруінің басты шарттары

Қаржыландырудың жалпы шарттары

Қаржыландыру лимиті

750 000 000 тг* дейін

Атаулы сыйақы мөлшерлемесі

жылдығы 10,0% аспайды

Мәміле валютасы

теңге

Қаржыландыру нысаны

қаржы лизингі

Лизингтік мәміленің мерзімі

84 айға дейін

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті мерзімі

24 айға дейін

Аванстық төлем мөлшері (меншікті қаражат есебінен)

лизинг заты құнының кемінде 20%

Айрықша шарттар

Лизингтік мәмілелерді қаржыландыруға тыйым салынады:

  • 10 АЕК асатын салық және өзге бюджет төлемдері бойынша берешегі бар ШОКС ;

  • қайтарылатын лизинг бойынша;

  • қайталама лизинг бойынша;

  • қосалқы лизинг бойынша

* - ЖКС аванстық төлемі есебінен Қаржы лизингі шартының жалпы сомасы 750 000 000 (жеті жүз елу миллион) теңгеден асуы мүмкін;

Бағдарлама қаражатының жалпы сомасы 2,0 млрд. теңгені құрайды.
Өзге талаптарды Әріптес банктердің өздері белгілейді.

Ерекше шарт: осы Бағдарлама аясында қаржыландыруға қол жеткізуді жоспарлап отырған жеке кәсіпкерлік субъектілері, сонымен қатар осы Бағдарлама аясында қаржыландыруға қол жеткізген Соңғы қарыз алушылар «Жаңаөзен қ. кәсіпкерлікті дамыту бойынша кейбір мәселелер туралы» ҚР Үкіметінің 10.01.2012 ж. №15 қаулысы аясында субсидия және / немесе кепілдік алу үшін, өтінім берулеріне құқықтары бар.