Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қаражатты кейіннен әйелдер кәсіпкерлігіне микрокредит беру үшін екінші деңгейдегі банктерге келісіп орналастыру бағдарламасы

Жеке кәсіпкерлік түрінде кәсіпкерлік әрекет етіп жүрген білімсіз заңды тұлғалар мен жұмысшы әйелдердің саны жалпы жұмысшылар санынан 30% кем емес, жарғы капиталындағы әйелдердің үлесі 50% кем емес әйелдер басшылық ететін заңды тұлғалар Бағдарлама аясында екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырылады.

Қаржыландырудың жалпы шарттары

Нысаналы мақсаты

қолданыстағы кредиттерді қайта қаржыландыру, инвестициялық мақсат, айналым қаражатын толықтыру;

Атаулы сыйақы мөлшерлемесі

жылдығы 14,0% аспайды



Қарыз сомасы

30 000 000 тг дейін

Қарыз валютасы

теңге

Қарыз мерзімі

айналым қаражатын толықтыруға - 36 айға дейін;
негізгі қорды сатып алуға және жаңалауға - 60 айға дейін;

Несиелік желі бойынша қаражатты игеру

шарт жасалған соң 2 ай ішінде игеруді бастау

Қаржыландыру саласы

жобаларды салалық бағыттылығына қарай қаржыландыруға шектеу жоқ

Айрықша шарттар

Бағдарлама бойынша тыйым салынады:

  • қаржыландыру көзі Қор болып табылатын, қолданыстағы қарыздарын қайта қаржыландыруға қарыз беруге;

  • 10 АЕК асатын салық және өзге бюджет төлемдері бойынша берешегі бар ШОКС қаржыландыруға;

  • Бағдарлама қаражаты есебінен әр түрлі банктер, қаржылық ұйымдардан бір уақытта Қарыз алуға;

Бағдарламаға қатысушылар

  • «ForteBank» АҚ

  • «Delta Bank» АҚ

  • «Цеснабанк» АҚ

  • «Еуразиялық Банк» АҚ

  • «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ

  • «Ресейдің Жинақбанкі» АҚ ЕБ

  • «Банк Центр Кредит» АҚ

  • «АТФ Банк» АҚ

  • «AsiaCredit Bank» АҚ

  • «Қазақстан халық банкі» АҚ

Қарыз алушы Қарызды Банктік қарыз шартын / Кредит желісін ашу туралы келісім жасасқан күннен бастап, Қор қаражаты есебінен 2 ай ішінде игеруді бастауға міндетті;
Өзге талаптарды Әріптес банктердің өздері белгілейді.