Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін Азия Даму Банкі қарызы есебінен қаржыландыру бағдарламасы (I, II, III транш)

Бағдарлама Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті (одан әрі — ШОК) халықаралық қаржы институты – Азия Даму Банкі (одан әрі - АДБ) қарызы есебінен дамыту мақсатында әзірленген.

Қаржыландырудың жалпы шарттары

Нысаналы мақсаты

негізгі құрал-жабдықты жаңалауға және/немесе жаңартуға; айналым қаражатын толықтыруға; қолданыстағы кредиттерді қайта қаржыландыру

Атаулы сыйақы мөлшерлемесі

нарықтағы жағдайды ескере отырып, Әріптес банктердің өздері белгілейді



Қарыз сомасы

440 / 550 млн тг дейін (1 / 2-3 транш бойынша)

Қарыз валютасы

теңге

Қарыз мерзімі

айналым қаражатын толықтыруға- 36 айға дейін;
негізгі қорларды сатып алу және оларды жаңғырту мақсатына- 60 айға дейін; кредиттерді қайта қаржыландыру үшін - 36/60 айға дейін.

Жеңілдік кезеңі

Сыйақыны өтеу бойынша- 1 жылдан аспайды;
Негізгі борышты өтеу бойынша- 3 жылдан аспайды

Қаржыландыру салалары

Экономика салалары бойынша шектеулер жоқ, дегенмен қызметін «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының басымдықтарына сәйкес жүзеге асырып жүрген ШОКС-қа басымдық беріледі деп болжанады.

Айрықша шарттар

Бағдарлама бойынша тыйым салынады:

  • ШОКС және/немесе үлестес тұлғаларға бір серіктес Банк, сондай-ақ бірнеше серіктес банктерден (1 транш үшін) 440 000 000 теңгеден асатын сомаға қарыздар беруге;

  • ШОКС және/немесе үлестес тұлға топтарының несие бойынша бір серіктес Банк, сондай-ақ бірнеше серіктес банктерге 550 000 000 теңге (2-3 транш үшін) көлеміндегі негізгі қарызы бойынша берешегінің қалғаны жалпы сомасынан асып кетсе;

Бағдарламаға қатысушылар

  • «ForteBank» АҚ

  • «Цеснабанк» АҚ

  • «Банк Центр Кредит» АҚ

  • «Қазкоммерцбанк» АҚ

  • «Delta Bank» АҚ

  • «КазИнвестБанк» АҚ

Лизингтік мәмілелер үшін басты шарттар

Әріптес банктердің Соңғы қарыз алушыларға Лизингтік мәмілелер үшін Қаражат беруінің басты шарттары

Қаржыландырудың жалпы шарттары

Қаржыландыру лимиті

440 / 550 млн тг дейін (1 / 2-3 транш бойынша)*

Атаулы сыйақы мөлшерлемесі

нарықтағы жағдайды ескере отырып, Әріптес банктердің өздері белгілейді

Мәміле валютасы

теңге

Қаржыландыру нысаны

қаржы лизингі

Лизингтік мәміленің мерзімі

Соңғы қарыз алушыны меншікті қаражатымен қаржыландыратын серіктес Банктердің қатысуымен - 36 айдан 84 айға дейін

Жеңілдікті мерзімі

шектеусіз

Аванстық төлем мөлшері (меншікті қаражат есебінен)

лизинг заты құнының кемінде 15%

Лизинг құралдары

Ғимарат, құрылыс, машиналар, жабдық, инвентарь, көлік құрал-жабдығы, жер телімдері және басқа кәсіпкерлік мақсатында пайдаланылатын кез-келген тұтынылмайтын заттар

Серіктес банктердің лизинг құралдарын талап етуі

Серіктес Банк лизинг құралын «Қаржылық лизинг туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көрсетілген немесе қаржылық лизинг Шартында қаралған жағдайда, даусыз талап етуге қақылы


Қаржылық лизингтің нысаналы мақсаты

Лизинг құралын Лизинг алушыға үш жылдан кем емес мерзімге төлеу үшін кәсіпкерлік мақсатында уақытша иеленуге және пайдалануға табыстауға, егер мұндай табыстау келесі талаптардың біріне жауап беретін болса:


  • лизинг алушының меншігіне мүлікті (лизинг құралын) белгіленген баға бойынша табыстау қаржылық лизингтің Шартында көрсетілген
  • табысталатын лизинг мүлкінің (лизинг құралының) пайдалы қызмет мерзімі 75% (жетпіс бес пайыз)лизинг мерзімінен асса
  • лизингтің барлық мерзімі үшін лизингтік төлемнің ағымдағы (дисконтталған) құны табысталатын лизинг мүлкінің (лизинг құралынан) құнынан 90 % (тоқсан пайыз) асады

Айрықша шарттар

Бағдарлама бойынша тыйым салынады:

  • қаржылық лизинг шарты бойынша соңғы қарыз алушыны лизинг берушіге ауыстыруға;

  • қайтарым лизингі бойынша қаржыландыруға

  • қайталама лизингі бойынша қаржыландыруға;

  • қосалқы лизингі бойынша қаржыландыруға

  • соңғы қарыз алушыларға және/немесе үлестес тұлғаларға бір серіктес Банк, сондай-ақ бірнеше серіктес банктерден 440 000 000 / 550 000 000 теңгеден асатын сомаға қаржылық лизинг беруге;

  • қаржылық лизинг Шарты және (немесе) Шарттың бірінші жылға нақты әрекеті бойынша (алғы төлемді есепке алғанда) Лизингілік төлемнің жалпы сомасы Шартта көрсетілген лизинг Құралының құнынан 50% аспауы тиіс

* - ШОКС алғытөлемі есебінен қаржылық лизинг Шартының жалпы сомасы 440 000 000 / 550 000 000 теңгеден асып кетуі мүмкін;

АДБ ақшасы есебінен несиелендіру Қазақстанның барлық аймағында іске асырылады. Сонымен бірге ШОКС серіктес банктер беретін барлық қарыздардың асып кеткенде 1-2 транш бойынша 40% және 3-ші транш бойынша 50% Алматы мен Астана қалаларынан тысқары орналастырылуы тиіс.

Бағдарламаны қаржыландырудың жалпы көлемі 500 млн.АҚШ доллары. Қаржыландыру ұлттық валюта траншымен беріледі, транштың саны мен көлемі АДБ өзгеруі мүмкін.

  • 2011-2016ж. 1 транш - 22,200 млрд. тг., қатысушы банктер: «ForteBank» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ
  • 2014-2019ж. 2 транш - 22,222 млрд. тг., қатысушы банктер: «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Цеснабанк» АҚ
  • 2015-2020ж. 3 транш - 62,807 млрд. тг., қатысушы банктер: «Цеснабанк» АҚ, «Казкомерцбанк» АҚ, «Delta Bank» АҚ, «Казинвестбанк» АҚ

Бағдарлама ШОКС кейіннен несиелендіру үшін белгілі жағдайларда қаражатты Қордың серіктес банктерге салу жолымен іске асырылады.
Өзге талаптарды ЕДБ өздері белгілейді.