Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Экономика

Микроэкономика

Фирма экономикасы

· Кәсіпорынды басқарудағы негізгі әрекеттер
Басқару іс-ірекеттері :

· Жоспарлау — бұл алғашқы басқарушылық іс-әрекет. Жоспарлау кез-келген жүйелерді басқарудың маңызды бөлігінің негізгі (болжау, тікелей басқару, бақылау қызметтері мен қатар) басқару қызметі.
Мекеме жоспардың орындалуын кім, кіммен бірлесе отырып, және қандай жұмыс істеу арқылы қамтамасыз ететінін қадағалайды.

Басшылық орындаушыларға қандай нәтижеге жету керектігін түсіндіріп, оларды сол нәтижеге жетуге ынталандырып, істелінген жұмыстары жемісті, қанағаттанарлықтай болу үшін мүмкіндік туғызады.
Бақылау басқару кезеңін аяқтайды, нақты алынған нәтижелер мен жоспарланған істерді салыстырып, мекеме қойған мақсаттарына жеткен, жетпегенін анықтайды. Бақылау кәсіпорынға келешекте нұқсан келтірмес үшін мекемеде болған проблемаларды анықтап, керек жерін түзеуді мүмкін етеді. Бақылау Басқаруды өзгеріске бейімді етеді. Ал сол өзгерістерді елеп, жоспарлау, мекеме және басшылық арқылы жүзеге асырылады. Сонымен басқару кезеңі бітеу немесе тұйық процесс екенін анықтадық.

Қызмет құнын орнату

Қызмет құнын ораната отырып, басшылық ең маңызды шешім қабылдайды. Бағаны белгілеу табыс әкелетін жалғыз нарықтық стратегия болып табылады.

Нарық құрылымындағы басқа айнымалылар — жарнама, қызметті әзірлеу, оны тарату — қаржыны талап етеді. Соңғы жылдары нарықтағы жетілген бәсеке жағдайы баға белгілеудегі жаңа стратегияларға әкелді. Бірақ оған қарамастан көптеген компаниялардағы баға белгілеу әлі де болса салғырттық, кертарпалылық негізінде жүргізіледі. Әдетте бағаны жұмсалған шығын көлемін анықтап, белгілейді. Қызмет көрсететін фирмалар күннен күнге өсіп келе жатқан бәсекелестік жағдайында аса белсенділік таныту керек.

Нарықтық бағаларды орнатуда үлкен табыстарға жеткен мекемелер баға белгілеудегі белсенді позицияны иеленді. Олар бағаларды сатылы жоғарылатып, баға белгілеу стратегиясы саласындағы жетекші күш бола білді.

Баға белгілеуде үлкен табысқа жетудің екі негізгі алғышарты бар.

Біріншіден , бағаның қалай әрекет ететінін білу керек. Жеткізушілердің, сатушылардың, дистрибьюторлардың, бәсекелестердің және тұтынушылардың ықпалы нәтижесінде баға белгілеуде туындайтын қиындықтар салдарынан микроэкономика теориясы ұсынатын қарапайым нұсқамалар заманауи нарық жүйесіне келіспейді. Сонымен қатар, баға орнату барысында тек өзінің шығындарына ғана көңіл бөлетін компаниялар қатты ұтылады.

Екіншіден , әрбір сатушы тұтынушының жаңа баға мен оның өзгеруін қалай қабылдайтынын білуі керек. Баға екі бірдей рөл атқарады. Біріншіден баға сатып алушының қанша ақша төлеу керектігін және қызмет сапасын анықтайтын көрсеткіш ретінде қолданылады. Тұтынушы баға айырмашылығына қарап, өзіне лайықтысын таңдайды. Сондықтан да бағаны орнатушы сатып алушы жаңа бағаны қалай қабылдайтынын білу керек. Баға сатып алушылардың сол тауар құндылығын қабылдауымен өлшемдесу керек. Осы екі негізгі мәселені елемеген кәсіпкерлер қатты қателеседі.

Баға бағыттарының мазмұны

Бағаны орнату барысында ескерілуге тиіс алты фактор :

1. Талаптар . Қызметке қойылатын талап деңгейі орнатылатын бағаның максимал бағасын немесе ең жоғарғы шегін орнатады. Максимал бағаны анықтау тұтынушының ұсыныс құндылығын қаншалықты қабылдайтынына байланысты.

2. Шығындар. Олар мүмкін болатын бағаның төменгі деңгейін шектейді. Қолданыстағы қызметтер үшін тән шығындар — бұл әзірлеу, маркетинг және таратуға қатысты шығындар. Жаңа қызмет үшін — бұл келешекте болатын қызметтің бүкіл өмірлік циклына жұмсалатын тікелей шығындар.

3. Бәсекелестік ф актор лар ы. О лар бағаның жоғарғы шегін төмендету нәтижесінде сол шектерді тарылта алады.

4. Ортақ пайдалар . Пайданың қалаулы деңгейін есепке алу керек. Әдетте ол бизнестегі тәуекел деңгейін көрсетеді және шығындар негізінде орнатылатын минималды бағаның ұлғаюына әсерін тигізеді.

5. Нарықтық мақсаттар . Таңдап алынған нарықта сатып алуларды өсіру үшін бағаны қолдануға болады ма?

6. Құқық және заң тарапынан қойылатын шектеулер . Бағаны белгілеуге әсерін тигізетін қандай заң актілері бар?

Тауарлар мен қызметтер нарығы . Еңбек және жұмыссыздық нарығы

Тауарлар мен қызметтер нарығы – бұл жүйелі құрылым , соның арқасында үй шаруашылықтары және үкімет сұраныстары бизнестің ұсынысымен кездеседі .

Тауарлар мен қызметтер нарығының функциялары және мағыналары :

1. Үй шаруашылықтары қажеттерін қанағаттандыру ;

2. Кәсіпкерлік секторының табыс алуы ;

3. Әлеумет игілігін құру ;

4. Жалпы ұлттық өнімінің негізгі бөлігі осы нарықта тұтынылады .

Өнімнің өндіруші меншігінен тұтынушы меншігіне ауысуы осы нарықтың айқындаушы сипаттамасы болып табылады.

Нарық :

  • Тұтынушы тауарлар мен қызметтер нарығы ;
  • Өндіріс құралдары нарығы ;
  • Мемлекеттік тапсырыс нарығы ( тұтынушы және инвестици ялық ) болып бөлінеді .

Еңбек нарығы

Жұмыс күші қозғалысының әлеуметтік-экономикалық нысанын ұсынады.

Еңбек нарығы еңбек күшін сатып алушылар (жалдаушылар) мен еңбек күшін сатушылар (жалданатындар) арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асыратын механизм. Бұл нарық басқа нарықтармен тығыз байланысты .

Еңбек нарығының ерекшеліктері :

  • Тауардың өзіне тән ерекше сипаты ( еңбек күші , адам );
  • Еңбекке сұраныс тауар мен қызметке сұраныстан туындайды ;
  • Әлеуметтік факторларының ықпалы .

Еңбек нарығының маңызы оның функциялары арқылы айқындалады :

  • Салалық және аумақтық тұрғыдан қарастырылған жұмыс күшін бөлісудің үйлесімділігін қамтамасыз ету ;
  • Еңбекке қатысты ұсыныс пен сұраныстың тепе-теңдігін қамтамасыз ету ;
  • Тиімді жұмыспен қамтылуды қалыптастыру ;
  • Жалақы мен халық табыстарын қамтамасыз етудің тепетең мөлшерлемесін орнату .

Жұмыссыздық

Дәп осы уақытта жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз деп атайды. Зейнеткерлер жұмыссыз қатарына жатпайды.

Жұмыссыздық мына түрлерге бөлінеді:

1. Мерзіміне қарай :

  • Қысқа мерзімді ;
  • ұзақ мерзімді .

2. Байқалу сипатына қарай :

  • ашық ( ресми статитикаға жүгінеді );
  • бүркемелі .

3. Әр топ халықты қамту деңгейіне байланысты :

  • негізгі ( еңбекке жарамды жастағылардың жұмыссыздығы );
  • жастар арасындағы ;
  • қалдықтық ( еңбекке жарамдылығы шектеулі қызметкерлер және зейнеткерлер мен зейнетке шығуға дейінгі жастағы адамдар арасындағы ).

4. Жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуға тиістілігіне қарай :

  • жалған ;
  • нақты .

Жұмыссыздық түрлері :

  • Уақытша . Бір жұмыстан басқа жұмысқа ауысумен, жұмыс іздеумен немесе болжалды жұмыспен байланысты.
  • Құрылымдық . Өндірісті қайта ұйымдастыру және тұтынушылық сұраныстың өзгеруі нәтижесінде пайда болады.
  • Цикл дік . Экономика циклдарына байланысты туындайды.
  • Мерзімдік .