Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Бизнесті басқару

Кәсіпорынды қайта құру

Заңды тұлғаны ұйымдастырушылардың (қатысушылардың) немесе меншiк иесi уәкiлдiк берген органның шешімі бойынша қайта құруға болады.

Қайта құру — бұл бір заңды тұлға жойылып, оның орнына басқа бір заңды тұлға пайда болатын процесс. Бірақ қайта құру барысында (таратылудан ерекше) заңды тұлғаның жойылуы оның құқықтары мен міндеттерінің жойылуына әкеп соқпайды, құқықтық мирасқорлық (демек, құқық пен міндеттердің ауысуы) сақталады, ұйымдастыру кезінде құқықтық мирасқорға құқықтарды тіркеуді жүзеге асыру үшін табыстау актісі немесе бөлу балансы ұсынылады.

Қайта ұйымдастырудың мынадай түрлері бар:

  • Бірлесу — мекемелердің жеке әрекеті тоқтатылады да, олардың бірлесуінің негізінде жаңа заңды тұлға пайда болады — әр қайсысының құқықтары мен міндеттері жаңадан пайда болған заңды тұлғаға өткізу актісіне сəйкес ауысады
  • Қосып алу — бір заңды тұлға екіншісіне қосылады да, біріншісі жеке іс-әрекетін тоқтатады. Ал екіншісі өзінің іс-әрекетін әрі қарай жалғастыра береді – екінші заңды тұлғаға қосылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу актісіне сəйкес ауысады
  • Бөліну — жойылған заңды тұлға негізінде жаңа заңды тұлғалар пайда болады — оның құқытары мен міндеттері жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға бөлу балансына сəйкес ауысады
  • Бөліп шығару — жаңа заңды тұлға пайда болады (бір немесе бірнеше), ал жаңа тұлға бөлініп шыққаннан кейін бұрыңғы заңды тұлға өз әрекетін әрі қарай жалғастыра береді – әр қайсысына бөлу балансына сәйкес қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері ауысады.
  • Өзгерту — заңды тұлға өз іс-әрекетін тоқтатады және оның орнына жаңа заңды тұлға пайда болады (ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны өзгереді) — жаңадан пайда болған заңды тұлғаға қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу актісіне сəйкес ауысады

Таратылу

Мекемені тарату немесе штатты қысқарту туралы не білу қажет

Заң бойынша демалыста жүрген, аурулық қағазы бойынша жұмыстан босатылған қызметкерлерді, жүкті әйелдерді, және де қолында 3 жасқа дейінгі кіші баласы бар жалғызбасты әйелдерді қысқартуға болмайды. Жұмыс беруші қызметкерді жұмыстан шығару туралы тағы не білуі керек?

Еңбек келісім-шартын жұмыс берушінің ықыласы бойынша тоқтатуға болады. Оған мекемені тарату (жеке кәсіпкерлікті тоқтату), штатты қысқарту немесе мекеменің санын қысқарту негіз болып саналады. Қызметкерді қысқартқан жағдайда оған жұмыс беруші тарапынан басқа, лауазымы төмен болса да, кез келген бос орын жазбаша түрде ұсынылу керек.

Жұмыс берушінің әрекет тәртібі

Мекемені тарату ұзақ мерзімді процесс, оны бастау үшін жқмыс беруші қызметкерлерге кем дегенде екі ай бұрын жазбаша түрде жұмыстан босатылу туралы хабарландыру хаттарын тапсыру керек. Еңбек шарты 2 айға дейінгі мерзімге жасалған қызметкерлер кемінде 3 күнтізбелік күн бұрын хабарландырылуы тиіс. Бұл мерзімдер қысқартылу жағдайында да қолданылады.