Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Тауашаны таңдау, идеялар банкі

Студенттерге арналған қарапайым бизнес

Төменде келтірілген дерек тек менің ой-қиялым ғана емес, бұл, керек десеңіз, дайын тұрған бизнес жоспар. Бұл бизнеспен әрбір студент шұғылдана алады, ал оқу жылының басы - осы бизнес бастаудың ең тиімді уақыты. Егер сіз шынымен осы іспен шұғылдансаңыз, менің үлесімді де ұмытпаңыз . J
Қыркүйекте әдетте күн жылы, демек майкамен де жүре беруге болады. Оған денешынықтыру сабағында міндетті киілетін спорттық форманы қосыңыз. Ал қыркүйекте бірінші курсқа түскен студенттер факультет өмірін егжей-тегжейлі білгісі келіп, өздерін өзгелерден ерекше көрсеткісі келетіні тағы бар. Егер оқыған институтыңыз соншалықты керемет болса және студенттер өзін-өзі сол интитутпен сәйкестендіргісі келсе тіпті жақсы. Демек, біз бизнесімізді институт бейнесі немесе логотипі басылған киім, көбінесе майкалар, белгішелер, басқа да заттарды сатудан бастаймыз Мұндай заттарды тек жаңадан келген студенттер ғана алып қоймайды. Ойымша, институтты бұрын бітірген, бірақ өзі оқыған оқу орнын еске түсіретін естелік затқа құмар бітірушілер де алуы мүмкін.
Ең алдымен деканнан институт немесе факультет символикасы бар майкалар мен белгішелерді жасауға рұқсат алу керек. Бұл тек өзіңіздің адамдармен өзара қарым-қатынас жасай білу қабілетіңізге байланысты – бар керегі деканды көндіріп, үзіліс кезінде осы тауарларды сатуға рұқсат алу. Қорқатындай еш нәрсе жоқ, институт фойесінде бір апта бойы үстел орнатып, әлгі тауарларды сатуға рұқсатты оп-оңай алуға болады. Тіпті болмаған жағдайда деканатқа әрбір сатылған нәрседен бонус тиетінін хабарлап, оған кепілдік беруіңе болады. Рұқсат алынғаннан соң тауарларды әзірлеуге кірісу керек.
Институт немесе факульутет эмблемасын сайттан немесе әкімшіліктен алуға болады. Майка немесе белгішеге басылатын макетті жасау ешбір қиыншылық туғызбайтын сияқты – қолың түзу, өзің ұқыпты болсаң болғаны, ал тағы да бір керегі ол графикалық редактор. Әрі қарай шығындарды есептейік: институт эмблемасы басылған 25 белгіше, факультет эмблемасы басылған 25 белгіше жасап шығарайық. Барлығына шамамен 25$ жұмсалынды.

Енді майкаларды жасап шығарамыз . Бұл да жоғарыда айтылғандай дайындалады. Эмблеманы өз бетіңше немесе арнайы делдалмен келісіп, басуға болады. Майканың бағасы шамамен 7-10 мың сом, ал оған белгі басу 5-10 мың сомды құрайды. Тағы да есіңе салам, адамдармен келісе білу керек. Әр түрлі дизайнмен жасалған, эмблемасы бар, әртүрлі басу жолымен дайындалған 5-15 дана майка жасап шығару керек. Бұл шамамен 30-75$-ға түседі. Майка мен белгішеге басылатын суреттің қосымша дизайн түрлерін дайындап, оларды қағазға басып шығарыңыз. Бұл үлгілерді қызығушылық танытқандарға көрсетеміз. Ал күлкілі де қызықты суреттер басылған майкалар каталогін даярласаңыз тіпті жақсы, олар да көп жастардың көңілінен шығатыны анық

Тауар колға тиген соң сатуға кірісеміз. Бірінші күні аса танымал тауар түрін байқау керек те, тапсырыстарды жинап, тізім құрастыру керек. Тауардың бағасын өнімнің өзіндік құнынан 20-100%-ға дейін өсіріп қоямыз. Мысалы белгішені 2 000 сомнан, ал майкаларды 20 мыңнан сатамыз. Бағаны сұранысқа қарай төмен, не жоғары орнатамыз. Керек болса қоңырау шалып, қосымша тауарларды лезде дайындап шығаруға тапсырыс береміз. Шығарылған қаражатты қайтадан айналымға қосамыз. Егер сіздің факультетіңізде 1000 студент оқитын болса, бір апта ішінде 50-100 майка және 100-300 белгіше сатуға болады.


Клиенттер мен жеткізушілер санын өсіру . Керек болса біраз уақыт өткен соң сол әрекетті қайталауға болады, немесе институттың белгісі басылған тауарларды орнын алмастырып, келесі жолы институттың Негізгі корпусында сатуға болады. Осындай акцияларды тек оқу жылының басында ғана емес, мысалы институт күні, факультет күні басқа да мерекелер қарсаңында сатуға болады. Тек майка мен белгішелерді ғана емес, одан басқа салпыншақ, бас киім, тағы да толып жатқан басқа заттарды сатуға болады. Айналымыңыз жоғары болса, жеткізушілер тарапынан сізге берілетін жеңілдіктер де жоғары болады.

Қысқасы, ой-қиялыңды шектеме, адамдармен келісе біл, саудаласуды үйрен, әрекет жаса!
Бұл тәуекелі аз іс. Азар болса қолыңда сатылмаған бірнеше майка мен белгіше қалады, оны кейін достарыңа сыйласаң да болады. Бұл тез бұзылатын тауар емес, кейін де сатуға болады.

Дереккөз : Студенттерге арналған жұмыс