Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қор Басқармасы

«Даму» Қоры Басқармасының құрамы

Саркулов Абай СериковичСарқұлов Абай Серікұлы – Басқарма Төрағасы

Қордың қызметіне басшылық етеді

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

1981 жылы туған

БІЛІМІ:

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің экономи ка факультетін «Банк ісі» мамандығы бойынша үздік бітірген.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

  • Банк саласындағы еңбек жолын 2003 жылы валюталық операциялар бойынша менеджер болып бастап, 2006 - 2007 жылдар аралығында «Алма-Ата» Халықаралық банкі» АҚ филиалында директор орынбасарының міндетін атқарушы болып қызмет етті.
  • 2007 жылы «Қазақстанның Даму банкі» АҚ жобаларды несиелеу департаментінің менеджері қызметіне келді. Кейіннен бас менеджер, басқарма бастығы, Жобалық дирекция жетекшісінің орынбасары, Жобалық дирекция жетекшісі қызметіне көтеріліп, Басқарушы директор болып тағайындалды.
  • 2014 жыл 19 шілдеден бастап «БРК-Лизинг» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
  • 2015 жыл 15 шілдеден бастап «БРК» АҚ Басқарушы директор-Басқарма мүшесі
  • 2016 жылдың 15 шілдесінен бастап «БРК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

2017 жылдың ақпан айында «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

Қор бәсекелестері мен қорға қызмет көрсететін компаниялардың акциясына иелік етпейді.


Әбілқайыров Дәулет МақсұтұлыӘбілқайыров Дәулет Мақсұтұлы – Басқарма Төрағасының Орынбасары

Қордың ұжымдық даму және несие тарту, стратегиялық несиелер, риск-менеджмент, қауіпсіздік, аймақтық филиалдар жұмысы және ақпараттық-сараптамалық жұмыстарын үйлестіріп, жетекшілік етеді.

1983 жылы туылған

БІЛІМІ:

2004 жылы РФ СІМ Москва Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (Университетін) «Шетел тілін білумен халықаралық қатынастар саласындағы маман» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2005 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетінде «Заңгер-құқықтанушы» біліктілігін алған.

2013 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІ:

  • 2008 ж ылдың наурыз айынан бастап 2010 жылдың мамыр айы на дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторингі бөлімінің Кеңесшісі, инспекторы қызметін атқарған.
  • 2010 жылдың мамыр айынан бастап 2011 жылдың қазан ай ына дейін Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінің әлеуметтік саясат және мемлекеттік органдарды дамыту департаментінің Директорының орынбасары, Директоры болған.
  • 2011 жылдың қазан ай ынан бастап 2013 жылдың ақпан ай ына дейін «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Корпоративтік хатшысы болып жұмыс істеген.
  • 2013 жылдың ақпан айынан бастап 2013 жылдың қараша айына дейін – «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ Ақпараттық-аналитикалық департаментінің директоры.
  • 2013 жылдың қараша айы нан бастап «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Мемлекеттік ұйымдармен өзара әрекеттестік жөніндегі Департаменттің Директоры - Басқарушы директор лауазымында қызмет еткен.
  • 2014 жылдың мамыр айында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары лауазымына тағайындалған.

Ақшанов Нұрлан Сағындықұлы - Басқарма Төрағасының орынбасары

Қордың қаржылық мәселелеріне, атап айтқанда несие тарту мәселелері және осы қаражатты тиімді орналастыру, оның әдістемесі және бағдарламалық заемдер мәселесі бойынша жетекшілік етеді.

Басқа мекемедегі Директорлар кеңесіне мүше емес, қосымша жұмыс атқармайды.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

БІЛІМІ:

1994-1999 жылдары С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін «АӨК саласындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша үздік бітірді.

2007-2009 жылдары Credit Risk в Reiffeisen Bank және Bank Austria Creditanstalt в Вена қ. (Австрия) бөлімшелерінде тағылымдамадан өтті

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

  • 2016 ж шілде айынан 2017 ж қаңтар айына дейін - «Казком» АҚ Атқарушы директоры.
  • 2016 ж наурыз айынан 2016 ж маусым айына дейін – «Даму» Қоры АҚ Басқарушы директоры
  • 2014 ж қаңтар айынан 2016ж наурыз айына дейін - «Даму» Қоры АҚ Басқарушы директоры – Кепілдендіру департаментінің директоры.
  • 2014 ж қаңтар айынан 2015 ж наурыз айына дейін - «Даму» Қоры АҚ Кепілдендіру департаментінің директоры
  • 2012 ж қаңтар айынан 2014 ж наурыз айына дейін - HR-қызметінің жетекшісі, «Даму» Қоры АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің директоры
  • 2011 ж тамыз айынан 2011 ж желтоқсан айына дейін - «Даму» Қоры АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі
  • 2011 ж наурыз айынан 2011 ж тамыз айына дейін «Даму» Қоры АҚ Алматы қаласы аймақтық филиалының директоры
  • 2010 жылдың қаңтар айынан 2010 ж қазан айына дейін «АТФ Банк» АҚ Алматы қалалық филиалының директоры
  • 2008 ж желтоқсан айынан 2010 ж қаңтар айына дейін «АТФ Банк» АҚ, сату департаментінің директоры (ШОБ бөлігі, Retail бөлігі)
  • 2008 ж ақпан айынан 2008 ж қараша айына дейін «АТФ Банк» АҚ, риск-менеджмент департамент директорының орынбасары.
  • 2007ж ақпан мен 2008 ақпан айы аралығында «АТФ Банк» АҚ, несиелік тәуекелдер басқармасының бастығы
  • 2006 ж ақпаны мен 2007 ж ақпан айы аралығында «АТФ Банк» АҚ, филиалдардағы несиелік тәуекелдер бөлімінің бастығы.
  • 2004ж сәуір мен 2006 ж ақпан аралығында «АТФ Банк» АҚ, Атырау қалалық филиалының тәуекел-менеджері
  • 2003 ж мамыр 2004ж сәуір аралығында «Казкоммерцбанк» АҚ, Павлодар қ филиалында шағын бизнес саласы бойынша жетекші.
  • 2002 ж қыркүйек пен 2003ж мамыр аралығында «Қазақстан Халық банкі» АҚ, Павлодар қалалық филиалы ЕҚДБ бағдарламаларын жүзеге асыру саласының жетекшісі.
  • 2001ж қаңтар мен 2002ж қыркүйек аралығында «Қазақстан Халық банкі» АҚ Павлодар қалалық филиалы несиелік сарапшы

2017 қаңтар айында «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Қор бәсекелестері мен қорға қызмет көрсететін компаниялардың акциясына иелік етпейді.

Лесбеков Ғабит ӘбдімүтәліпұлыЛесбеков Ғабит Әбдімүтәліпұлы - Басқарушы директор - Басқарма мүшесі

Маркетинг және халықаралық әріптестік, оқыту және сервистік қолдау көрсету мен Бұқаралық ақпарат құралдамен байланыс саласының жұмысына жетекшілік етеді.

1975 жылы туылған

БІЛІМІ:

1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универститетін «Экономист және менеджмент саласындағы маман» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1998 жылы «Макро-микроэкономика және математикалық тәсілдер» мамандығы бойынша Экономика және Құқық Институтының магистратурасын бітірген

2002 жылы экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған. 2002-2004 ж. дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендияның иегері.

ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІ:

2007 жылдың қараша айынан бастап «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бас маман, басқарма бастығы, корпоративтік даму Департаментінің директорының орынбасары, корпоративтік даму Департаментінің директоры, Басқарушы директор - корпоративтік даму Департаментінің директоры қызметтерінде жұмыс істеген.

2011 жылдың сәуір айында Басқарушы директор – Басқарма мүшесі лауазымына тағайындалған.


Финогенова Алена ВалерьевнаФиногенова Алена Валерьевна - Басқарушы Директор, Басқарма мүшесі

Қордың қаржылық жұмысына, оның ішінде бухгалтерлік, салық, статистикалық есепке алу, қаржылық салық есебі, тиімді салық салу, бюджетті жоспарлау ісіне жетекшілік етеді.

1977 жылы туылған

БІЛІМІ:

1998 жылы Алматы технология институтын «Экономист және тамақ өнеркәсібінің менеджері» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1999 жылы қоршаған ортаны қорғау мамандығы бойынша ҚазМСҚА Магистратурасын бітірген, эколог.

ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІ:

  • 2009 жылдың қаңтар ай ынан бастап 2014 жылдың мамыр айына дейін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Бюджеттік жоспарлау Департаментінің директоры болған.
  • 2014 жылдың мамыр айында Басқарушы Директор – Басқарма лауазымына тағайындалған.

Шәріпов Әсет Болатұлы - Басқарушы директор – Басқарма мүшесі

Құқықтық, қаржылық бағдарламаларға мониторинг жасау, проблемалы активтер мен әкімшілік-шаруашылық қызметке жетекшілік етеді.

Басқа мекемедегі Директорлар кеңесіне мүше емес, қосымша жұмыс атқармайды.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

1982 жылы туған

БІЛІМІ:

2003 жылы Қазақ заң-гуманитарлық университетін «заңгер» мамандығы бойынша (үздік дипломмен) бітірген. Жоғары оқу орнынан кейін аталған университетте «заң ғылымының магистрі» дәрежесін қорғаған.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

  • 2003-2017 жылдар аралығында қаржылық реттеуші, қаржы ұйымдары мен даму институттарында еңбек етті. Атап айтқанда:

  • «Қазақстан даму банкі» АҚ (Заң департаментінің директоры)

  • Қазақстан Ұлттық банкі (Заң департаменті директорының орынбасары)

  • « АТФБанк » АҚ

  • «International Bank «Alma- Аta» АҚ

  • Сондай - ақ мемлекеттік ғылыми - тәжірибелік мекеме мен коммерциялық салада да тәжірибесі бар .

2017 жылы шілде айында « Даму » Кәсіпкерлікті дамыту қоры » АҚ Басқарушы директор – Басқарма мүшесі болып тағайындалды .

Қор бәсекелестері мен қорға қызмет көрсететін компаниялардың акциясына иелік етпейді .



Ұласбеков Қуаныш Серікұлы - Басқарушы директор – Басқарма мүшесі

Басқа мекемедегі Директорлар кеңесіне мүше емес, қосымша жұмыс атқармайды.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

жылы туған

БІЛІМІ:

2001-2005 жылдар. М. Әуезов атындағы ОҚМУ, мұнай, газ, көмірді химиялық өңдеу. Инженер-технолог.

2008-2010 жылдар. Халықтар достығы университеті. Экономика және бизнес бакалавры. Қаржыгер.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

  • 10.2003-08.2006 жылдар. «Энергостройсервис 2030» ЖШС, менеджер

  • 10.2006-02.2008 жылдар. ҚР Табиғат қорғауды бақылау комитеті, мемлекеттік инспектор-жетекші маман

  • 02.2008-12.2008 жылдар. «КазАгро» ҰХ АҚ, Басқарма төрағасының көмекшісі

  • 12.2008-04.2009 жылдар. ҚР Қаржы министрлігі, вице-министрдің көмекшісі

  • 05.2009-08.2009 жылдар. «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ, штаттан тыс кеңесші

  • 08.2009-04.2010 жылдар. «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ, Аппарат жетекшісі – Басқарма мүшесі, «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

  • 06.2010-03.2011 жылдар. «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ менеджері

  • 03.2011-03.2012 жылдар. «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Астана қаласы филиалы директорының орынбасары

  • 03.2012-02.2013 жылдар. «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестік департаментінің директоры

  • 02.2013-03.2014 жылдар. «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ОҚО бойынша филиал директоры

  • 04.2014-02.2015 жылдар. «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Астана қаласы бойынша филиал директоры

  • 02.2015-03.2016 жылдар. «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарушы директор – Басқарма мүшесі

  • 2016 жылдың наурыз айынан бастап «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ОҚО бойынша филиал директоры