Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қордың Директорлар кеңесі

Директорлар Кеңесінің Мүшелері:

1) Досаев Ерболат Асқарбекұлы – Директорлар кеңесінің Төрағасы


Директорлар кеңесіне сайлану күні –2016 жыл, 13 қыркүйек.
Азаматтығы: Қазақстан Респуликасы
1970 жылы дүниеге келген

БІЛІМІ:

Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін бітірген.

ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІ :

  • 1997-1998 жылдар – «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары , «АТФ Банк» ЖАҚ басқарма төрағасы ;
  • 1998 жыл – Қазақстан Республикасы Премьер - министрінің кеңесшісі ;
  • 1998 жыл — Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице - министрі ;
  • 2000-2001 жылдар — Қазақстан Республикасының Қаржы вице - министрі ;
  • 2001 жыл — Қазақстанның Даму Банкі директорлар кеңесінің төрағасы ;
  • 2001-2003 жылдар - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы;
  • 2003-2004 жылдар - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ; Европалық Қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Қазақстандағы басқарушысы ; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма Мүшесі ;
  • 2004-2006 жылдар – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі ;
  • 2006-2012 жылдар - «ҚазИнвестБанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы ;
  • 2012 жылдың 25 қыркүйегінен бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен (№ 390 ) Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі қызметіне тағайындалды ;
  • 2013 жылдың 16 қаңтарынан бастап - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен (№ 468 ) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі қызметіне тағайындалды ;
  • 2014-2016 жылдар - ҚР Ұлттық экономика министрі ;
  • 2016 жылдың 16 мамырынан бастап - «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасы ;
  • 2016 жыл, 20 мамыр - Қазақстан Даму Банкі (ҚДБ) директорлар кеңесінің шешімімен банк директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды ;
  • 2016 жыл, 11 шілде - «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды ;
  • 2016 жыл, 12 шілде - «ҚазЭкспортГарант СК » АҚ директорлар кеңесінің басшысы болып сайланды ;
  • 2016 жыл, 13 шілде - «Қазақстан ның инвестициялық қоры » АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды ;

· 2017 жылдың 29 тамызынан бастап - Қазақстан Республикасы Премьер - министрінің Орынбасары .

Қор акцияларын иеленбейді .

Қор жеткізушілерінің және бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.

«Кұрмет» орденімен, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.


2) Жолдыбаева Ғалия Тағыбердіқызы - Директорлар кеңесінің мүшесі

Директорлар кеңесіне бірінші сайланған күні – 24 қыркүйек 2012 жыл, 15 сәуір 2013 жылы қайта сайланған.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

1973 жылы туылған

Қордың Директорлар кеңесінің стратегиялық және бюджеттік жоспарлау жөніндегі Комитетінің мүшесі

БІЛІМІ:

1996 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша үздік бітірген.

ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІ:

  • 2009 жылдың қазан айы нан - 2012 жылдың қыркүйек айы аралығында Павлодар облысының Әділет департаментін басқарды.
  • 2012 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрайымы болып тағайындалды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры.

Қор акцияларын иеленбейді.

Қор жабдықтаушыларының және бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

3) Әріпханов Айдар Әбдіразақұлы - Директорлар кеңесінің мүшесі


Директорлар кеңесіне сайланған күні – 8.02.107

Азаматтығы: Қазақстан Р еспубликасы

1974 жылғы 28 қарашада туған.

Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі Комитеттің мүшесі, аудит жөніндегі Комитеттің және стратегиялық және бюджеттік жоспарлау Комитетінің мүшесі.

БІЛІМІ:

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын аяқтаған, ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын үздік тәмамдаған, сондай-ақ «Болашақ» президенттік бағдарламасы шеңберінде Колумбия университетін аяқтап, 2008 жылы экономикалық саясатты басқару бағдарламасы бойынша мемлекеттік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алған.

ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІ:

· 1997 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Сыртқы қарыз алу комитеті бағдарламалық және әлеуметтік қарыздар бөлімінің бас маманы болып бастаған.

· 1998-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бөлімдерінде бастық (бағдарламалық және әлеуметтік қарыздар, мемлекеттік сыртқы қарыз алу және мемлекеттік кепілдер басқармасы қарыздарды іске асыру), Үкіметтік қарыздар және мемлекеттік кепілдер басқармасының бастығы және Мемлекеттік қарыз және кредит беру департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

· 2004-2007 жылдары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі. 2006 жылы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары.

· 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі.

· 2009 жылы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі. 2009-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары.

· 2010-2011 жылдары – «Қазақтелеком» АҚ басқарушы директоры.

· 2011-2015 жылдары – «Қазатомпром» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары, басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы (31.03.2015).

· 2015-2017 жылдары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.

· «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2017 жылғы қаңтарда Басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды.

Қор акцияларын иеленбейді.

Қор жабдықтаушыларының және бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.


4) Ертілесова Жаннат Жұрғалиқызы - Тәуелсіз директор

Ертілесова Жаннат Жұрғалиқызы

Директорлар кеңесіне сайланған күні – 26 наурыз 2012 жыл, 15 сәуір 2013 жылы қайта сайланған
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
1956 жылы туылған

Тәуелсіз директор

Қордың Директорлар кеңесінің аудит жөніндегі Комитетінің Төрайымы

БІЛІМІ:

1978 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік универститетін «математик» мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының докторы, профессор, елуден астам ғылыми еңбектің авторы.

ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІ:

  • 2005 жылғы шілде айында Қазақстан салықтөлеушілер қауымдастығының Басқарушы Кеңесінің Төрайымы болып тағайындалған.
  • 2007 жылдың ақпанынан бастап – «Қазына» Орнықты дамыту қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
  • 2007 жылдың ақпанынан бастап – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің штаттан тыс Кеңесшісі.

Қор акцияларын иеленбейді.

Қор жабдықтаушыларының және бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.


5) Ораз Әлиұлы Жандосов – Директорлар кеңесінің мүшесі

Ораз Әлиұлы Жандосов

Директорлар кеңесіне сайланған күні – 24 қыркүйек 2012 жыл, 15 сәуір 2013 жылы қайта сайланған
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
1961 жылы туылған

Тәуелсіз директор

Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау Комитетінің Төрағасы, тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі Комитеттің мүшесі

БІЛІМІ:

1987 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетін (экономист-кибернетик) үздік бітірген.

ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІ:

  • 2008 жылдан - қазіргі уақытта - «РАКУРС» Экономикалық Талдау Орталығының директоры. Қазақстанның саяси қайраткері болып табылады; Халықаралық Бизнес Академиясының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Президиумының мүшесі болып табылады.

«Құрмет» Орденімен марапатталған.

Қор акцияларын иеленбейді.

Қор жабдықтаушыларының және бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.


6) Бисекеев Серікбай Жолдыбайұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі

Директорлар кеңесіне сайланған күні – 31 шілде 2014 жыл
Азаматтығы: Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы - ықтиярхат
1971 жылы туылған

Тәуелсіз директор

Директорлар кеңесінің тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі Комитетінің Төрағасы, аудит жөніндегі Комитеттің және стратегиялық және бюджеттік жоспарлау Комитетінің мүшесі.

БІЛІМІ:

Ленинград Политехникалық институтын бітірген.

ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІ:

  • 2000 жылдан – қазіргі уақытта - «ArmanHolding» КТ президенті.

2013 жылы «Ғалымдардың Еуразиялық Экономикалық клубы» Қауымдастығының Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен ынтымақтастығы мәселелері бойынша Вице-президент мәртебесі берілген.

Қор акцияларын иеленбейді.

Қор жабдықтаушыларының және бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.

7) Сарқұлов Абай Серікұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі


Қордың қызметіне басшылық етеді

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

1981 жылы туған

БІЛІМІ:

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің экономи ка факультетін «Банк ісі» мамандығы бойынша үздік бітірген.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

  • Банк саласындағы еңбек жолын 2003 жылы валюталық операциялар бойынша менеджер болып бастап, 2006 - 2007 жылдар аралығында «Алма-Ата» Халықаралық банкі» АҚ филиалында директор орынбасарының міндетін атқарушы болып қызмет етті.
  • 2007 жылы «Қазақстанның Даму банкі» АҚ жобаларды несиелеу департаментінің менеджері қызметіне келді. Кейіннен бас менеджер, басқарма бастығы, Жобалық дирекция жетекшісінің орынбасары, Жобалық дирекция жетекшісі қызметіне көтеріліп, Басқарушы директор болып тағайындалды.
  • 2014 жыл 19 шілдеден бастап «БРК-Лизинг» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
  • 2015 жыл 15 шілдеден бастап «БРК» АҚ Басқарушы директор-Басқарма мүшесі
  • 2016 жылдың 15 шілдесінен бастап «БРК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

2017 жылдың ақпан айында «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

Қор бәсекелестері мен қорға қызмет көрсететін компаниялардың акциясына иелік етпейді.