Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

«Даму» Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтық филиалы серіктес Банктердің Шымкент қаласындағы филиалдарының топ-менеджерлерімен іскер ас кездесуі өткізді.

26 желтоқсан 2017 ж., 18:53

Арнай кездесуде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда жоғары нәтижелер мен белсенділікті көрсете білген Банк-серіктестердің үздік қызметкерлерінің марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шараға 16 Банктердің филиалдары қатысты. Жылдың қорытындысы бойынша кәсіпкерлердің несиелерін ішінара кепілдік арқылы ең көп мақұлдаған «АТФ Банк» 18 жоба, ЕБ «Сбербанк России» АҚ екінші, ал «Қазақстан Халық Банкі» АҚ үшінші орында.


Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы аясында облысқа 2 746,0 млн тенге қаражат 5 серіктес банктің және «Ырыс» микроқаржы ұйымына орналастырылған. Қаржыны игеру бойынша «Ырыс» микроқаржы ұйымы және «АТФ Банк» филиалы қарқынды игеруде, тиісінше 82% және бөлінген қаражаттың 66% игерілген.
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы бойынша жеке әзірлеуші компаниялардың 3 жобалары жүзеге асуда. 


Сондай-ақ, «ForteBank» АҚ филиалының қызметкері 7 жұмыс күні ішінде Даму-Блиц технологиялары бойынша аймақта алғашқы несие берген.


Іс-шара соңында «Даму» қорының аймақтық филиалының директор міндетін атқарушы Қанат Құрмашов серіктестер Бантердің шағын және орта бизнесті несиелендіруге айрықша назар аударып, аймақтың дамуына лайықты үлес қосқанын атап өтті.