Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Батыс Қазақстандағы жалғыз қораптау лентасы өндірісі сапалы өнім шығарып қана қоймайды, экологиялық мәселелерді де шешеді

21 желтоқсан 2017 ж., 13:07

Батыс Қазақстандағы жалғыз қораптау лентасы өндірісі сапалы өнім шығарып қана қоймайды, экологиялық мәселелерді де шешеді.


Альтаир Лукмановтың кәсібін көз көрім, қол созым деп айтуға келмейді.  Бірнеше жыл бұрын кәсіпке кеткен азамат, ерекше бір өндіріспен айналысуды армандады. Бірқатар желілерді аралап пластмасс езгілейтін құрылғы сатып алды. Кәсіпкер шикізатты тұрмыстық қатты қалдық полигонынан алып отырды, сонымен қатар экологиялық проблеманы болдырмауға себепкер болды, себебі пластмасс жаққан кезде ауаға улы газдар бөлінеді. Уақыт өте келе, Альтаир пластмасс бұйымдарын шығаруға болатынын түсінді, сөйтіп қораптау ленталарын шығаруға тоқталды.
-  Қораптау лентасы деген не, ол соншама пайда әкелеме? Өңірді зерттей келе, ұқсас кәсіптің жалпы батыс өңірінде жоқ екендігін түсінгесін өндірісті қолға алдым. Ол үшін кәзір өкінбеймін дейді, - Лукманов.


Шындығына келгенде осы тауарды өндіруші Еуропа елдерінде өнім көлемі жылына 500 мың тоннаға дейін жетеді. Кәсіпорын басшылары әлемдегі ең бай кәсіпкерлердің бірі болып саналады.
Альтаир құрылғы алу үшін несиені «Даму» Қоры арқылы алды. «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасына қатысып 14 пайызбен 13 миллион теңге алды және 10 пайызға Субсидия төленеді. Сонымен қатар «Даму» Қорынан 6.0 млн теңгеге кепілдік алып отыр. Келесі жылы Лукманов несиені толықтай жабады. Автоматтандырылған өндіріске жұмсалған қаражат бірнеше ай бұрын ғана іске қосылды(өндіріс көлемі – 280 мың метр бір күнге). Ірі кәсіпорындармен кәсіпкердің келісім-шарттары бар. Олар, «ЭкотонБатыс», «Вибромастер Казахстан», «Ситал-2», АЗФ, «СБС» және жеке кәсіпкерлер кірпіш, газоблок шығарумен айналысатындар. Бүгінгі күні ақтөбелік өнім Атырау, Орал және Қызылордаға тасылып отыр.
Кейіннен бір қиындық пайда болды, пластмасс таза болмағасын, шикізатты Ресейден әкелуге тура келді.


- Біздің пластикалық бөтелкелер Ресейге тапсырылады, олар өңдейді, бізге қайтадан сатады. Меніңше бұл дұрыс емес,  - дейді Альтаир.
Осы мәселені шешу жолы ойыма осы жылы келді, осы жоспарымды орындау үшін тағы да «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын пайдалану керекпін. – Жүрген жерімді «Даму» Қорының бағдарламалары туралы айтып жүремін, ешқандай елде осындай көмек жоқ. Мүмкіндік барда пайдаланғанымыз өте дұрыс болады, - дейді Альтаир Лукманов.