Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Шу қ. айналым қаражатты толықтыру мақсатында жоба қолдау алды

21 желтоқсан 2017 ж., 13:06

2017 жылдың қараша айында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының қолдауымен Шу ауданы Шу қаласында жеке кәсіпкер Кенжебекова Айгүл Джақсылыққызына «Қазақстан Халық банкі» Жамбыл филиалында айналым қаражат толықтыру мақсатында сомасы 30 млн. теңгені құрайтын несие мақұлданған.


Несие «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде банктің пайыздық мөлшерлемесінің бөлігін 10% көлемінде субсидиялау мақұлданған. Банк мақұлданған жылдық мөлшерлемесі, 14,5% құрады. Осылайша, кәсіпкер қалған жылдық 4,5% төлейді.
Сонымен қатар, жоба шеңберінде несие сомасының 8% құрайтын 2,4 млн теңге мөлшерде Қор кепілдігі алынған.


Айналым қаражаттың қажеттілігін істеп тұрған бизнесті кеңейту болып негізделген, атап айтқанда, Шу қаласының орталығындағы сауда орталықтарының бірінде орналасқан жиһазды сату жөніндегі жаңа сауда нүктесін ашу болып табылады. 


Даму Қорының субсидиялау және кепілдендіру менеджері Султан Абдуллаевтің айтуынша, «Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасының Бірінші бағыты шарттарына сәйкес моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлер үшін қызмет салалар бойынша шектеу жоқ.