Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

БЖК 2020» бағдарламасының 2017 жылдағы нәтижесі қорытындыланды

15 желтоқсан 2017 ж., 18:00

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақтөбе облыстық «Даму» Қорының аймақтық филиалы әріптестеріне арнап бизнес-таңғы асын өткізді.

Кездесуге директорлардың орынбасарлары, бөлім басшылары және несие менеджерлері және БАҚ өкілдері шақыртылды.

Кездесу барысында «БЖК 2020» бағдарламасының нәтижелері қорытындыланды.

2017 жылдың 1 желтоқсанын есепке алғанда:

· Субсидиялау бойынша 169 жоба оң шешім алды, оның 76 ауылдық елді мекенде (барлық жобаның 45% құрайды).

· Кепілдендіру бойынша 84 жоба оң шешім алды, оның 45 ауылдық елді мекенде (барлық жобаның 53,6 % құрайды).

Айта кету керек, 2017 жылдың 1 желтоқсанына бұрынғыдай алдыңғы бестікте субсидиялау бойынша 4 Банк – Халық банкі, Сбербанк, БЦК, АТФ және 2017 жылы Форте банк те қосылды.

Кепілдендіру бойынша алдыңғы бестікте сол Халық банкі, Сбербанк, БЦК, АТФ және 2017 жылы RBK банкісі қосылып отыр.

Кездесуге қатысушыларға Басқарма Төрағасының қолымен бекітілген Алғыс хаттар мен Естелік сыйлықтар табысталды.

Жылы ресми емес жағдайда банкирлермен ағымдағы жоспарларымен бөлісті, бағдарламалардың болашағына көз жүгіртті.

Кәсіпкерлерімізге мемлекеттік бағдарламаларды пайдалану үшін мүмкіндік жасап жүрген белсенді әріптестерімізге шексіз алғыс білдіреміз!