Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

«Бизнес-Фитнес! Өз бизнесіңді жақсарт!» атты тренинг-семинар өтті

13 желтоқсан 2017 ж., 16:49

Бүгін Тараз қаласындағы КҚКО-да «Бизнес-Фитнес! Өз бизнесіңді жақсарт!» атты тренинг-семинар өтті.

Кездесу бизнес бастамасы бар халықпен, сондай-ақ ісін жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлермен сұрақ-жауап форматында өтті.

Кездесу барысында «Ваш лучший капитал» білім беру орталығының басшысы, «Жамбыл облысының коммерциялық емес ұйымдарының ассоцияциясы» ЗТБ төрағасы, Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасының іскерлік әйелдер кеңесінің басқарма мүшесі, сонымен қатар бизнес-тренер және медиатр Айнур Орынтаевна «Сәтті бизнес? Бұл тек жеке!» атты тақырыпта фитнеске қатысқандардың бизнестерін жақсартып өткізді.

Тренингке 18 адам қатысты. Мысалы, тренингке қатысушылардың бірі Есжанов Жасұлан осы кездесуден бизнесті жүргізуге керекті құзыретті білімін арттырып алғанын атап өтті. Бұл дағдылар іскерлік қарым-қатынасты жүргізуге және жалпы бизнесті дамытуға өте пайдалы. Тренинг-семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушылар кездесу спикері Заурбекова Айнұрдың өте жоғары деңгейді білімін атап өтті.

Анонстар мен іс-шараларды біздің парақшамызда қадағалаңыз!