Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Петропавлда «Бизнес-фитнес» өтті

11 желтоқсан 2017 ж., 10:39

8 желтоқсан күні Петропавлдағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Вторсырье» ЖШС компаниясының директоры Кайыржан Айсиннің қатысуымен бизнес-фитнес өтті. Тренинг: «Мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен өз бизнесін қалай ашуға болады» деген тақырыпта, еркін әңгімелесу форматында өтті.

Қайыржан Айсин «Вторсырье» ЖШС басшысы. Компания қоқыс жинау, өңдеу және кәдеге жарату қызметімен айналысады.

Қайыржан Айсиннің бизнесте 6 жылдан астам тәжірибесі бар және «Даму» Қорының қаржылық және қаржылық емес Бағдарламаларының қатысушысы. «DamuStartUp», «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кепілдік беру және субсидиялау жобалары бойынша бірнеше рет оқу курсына және кәсіпкерлік жөніндегі басшыларға арналған: «Іскерлік байланыстар» және «ШОБ топ-менеджментін оқыту»", «Аға сеньорлар» жобаларының қатысушысы болды.

Кәсіпкер бизнесті неден бастағаны туралы, өз ісін жетілдіруде қандай қиыншылықтарды бастан кешіргені туралы әңгімеледі.