Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

8 желтоқсан күні Петропавлда «Бизнес-фитнес» өтеді

4 желтоқсан 2017 ж., 12:45

Құрметті кәсіпкерлер!

8 желтоқсанда біз сіздерді Петропавл қаласындағы «Даму» Қоры ғимаратында Кайыржан Айсинмен кездесуге шақырамыз. Кездесуде «Мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен бизнес ашу» тақырыбында әңгіме өрбиді.

Қайыржан Айсин «Вторсырье» ЖШС басшысы. Компания қоқыс жинау, өңдеу және кәдеге жарату қызметімен айналысады.

Қайыржан Айсиннің бизнесте 6 жылдан астам тәжірибесі бар және «Даму» Қорының қаржылық және қаржылық емес Бағдарламаларының қатысушысы. «DamuStartUp», «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы аясында кепілдік беру және субсидиялау жобалары бойынша бірнеше рет оқу курсына және кәсіпкерлік жөніндегі басшыларға арналған: «Іскерлік байланыстар» және «ШОБ топ-менеджментін оқыту»", «Аға сеньорлар» жобаларының қатысушысы болды.

Сіздерді тренингке 8 желтоқсан, сағат 14:30-да мына мекен-жай бойынша: Петропавл қ., Жабаев к-сі,191-Үй, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында күтеміз.

Байланыс үшін алдын-ала жазылу: Gulmira.Zhakupova@fund.kz

немесе тел: 77013903478, р. т. 7 7152 55-98-10.