Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Астанадағы «Startup Академия» жобасы демеушісінен қазақстандық стартаперге 5 кеңес

4 желтоқсан 2017 ж., 12:23

Астанада Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университеті жанында «Даму» қорының «StartupАкадемиясы» жұмыс істеп тұр. Жыл басынан бері StartupАкадемияда 67 адам оқып шықты.

Startup Академияда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер бизнесті қалай және неден бастауды үйренеді. Сондай-ақ өз кәсіпкерлік әлеуеті мен бизнес идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

Кәсіпкерлікпен айналысуға ынталандыру үшін және жас кәсіпкерді белсенді әрекеттерге тарту үшін жобаға кәнігі бизнесмендер, бизнес-тренерлер және т.б. шақырылады.

Осындай шақырылған тәлімгердің бірі - демеуші, бизнесті жүйелеу және мықты командалар жұмысын құру бойынша сарапшы, үйретуші бағдарламалар авторы және жетекшісі, конференция спикері және модераторы, «Бизнес-Конструктор» ЖШС жетекшісі Кирилл Куницкий

«Бизнес-Конструктор» жүйелік бизнес мектебі - бұл білім беру-консалтинг жобасы, міндеті – компания иелерінің басқару тиімділігін арттыру.

«Бизнес-Конструктор» жүйелік бизнес мектебі (http://www.bizconstructor.kz/) басқару тиімділігі туралы эталондық түсінік қалыптастырады және кәсіпкерлерді компанияның барлық функционалдық процестерін жүйелеу дағдыларына үйретеді. Мектептің оқыту бағдарламалары Қазақстанда, Украинада, Чехияда, Эстонияда өтуде. Біздің клиенттеріміз орта және шағын бизнес компаниялар иелері мен топ-менеджерлері.

Бүгінде Кирилл Куницкий компанияның меңгеруші серіктесі, Украинаның ірі логистикалық және өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін қоймалық және жұмысшы персонал аутсорсингімен айналысады, сондай-ақ білім беру және консалтингтік жобаны басқарады. Бұл жоба міндеті - бизнес иелері кәсіптік деңгейін көтеру, компания ішінде дұрыс процестер құруға көмектесу, мықты, ынталанған командалар құру және олардың өмірінің сапасын жақсарту.

www.kunitsky.com

Бізбен сұқбатта Кирилл Куницкий ісін жаңа бастап жүрген кәсіпкерлер үшін табысқа жету құпияларымен бөлісті.

1) Өз нарығыңды жете ұғыну маңызды.

Кез келген компания нарықта жұмыс істейді. Нарық – бұл сұраныс пен ұсыныс балансы. Сұраныс – ісі түсетін және болашақта оның шешімі үшін ақша төлеуге дайын барлық әлеуетті клиенттер. Ұсыныс – тұтынушы керегін таңдап ала алатын нарықтағы шешімдер.

Жаңа бастап жүрген кәсіпкер әлеуетті клиент психологиясын жақсы біліп, олардың қандай проблемасы бар екенін түсінуі керек. Тұтынушы клиенттер айтарлықтай көп болып, төлем қабілеті болғаны да маңызды. Сондай-ақ өзіңе бәсекелес ортаны зерттеу де маңызды. Клиент қай компанияны, не үшін таңдайды, нарықтағы көшбасшы кім, олардың артықшылығы мен кемшілігі неде. Кез келген бизнес - спорт. Кез келген спорттың табыс кепілі өз қарсыласыңның ойын алаңын танып білу.

2) Бәсекеге сай бизнес-үлгі құру қажет.

Кез келген бизнестің табысқа жету негізі – бәсекеге лайық өнім. Нарықта бар ұсыныстарды зерттей келе, мінсіз өнім тұжырымдамасын жасау маңызды. Ол әлеуетті клиент үшін ең жақсы таңдау болуы керек. Бұл өнімнің бәсекелестерінен артықшылықтары айқын болуы керек. Бизнес-үлгі бұл мақсатты аудитория портретін, оның мәселесін, компанияның мінсіз өнім тұжырымдамасын, бәсекелі орта мен бәсекелі стратегияны қамтитын бизнестің мәнін қосып сипаттау. Бәсекелестер стратегиясы - не себепті клиент біздің компанияны таңдайды дген сұраққа жауап болуы керек. Бұл сұрақтың жауабы - компанияның болашақтағы табысқа жету кілті.

3) Жаңа клиенттерді тарту жүйесін құру қажет.

Бизнес иесі сапалы бәсекелі өнім жасап шығара алады, бірақ ол жаңа клиенттерді жүйелі түрде тарта алмаса, бизнес өспейді. Бизнес жүйелілігінің маңызды өлшемі – үздіксіз өсу. Бизнес негізін салушыға өз компаниясының сату жодарын қалай тиімді құру керегін жете ұғыну маңызды. Оларға интернет-маркетинг, оффлайн-маркетинг құралдары, сату міндеті, танымалдықты дамыту және компанияға бейімділікті арттыру құралдары кіреді. Компания иесіне осы құралдарды жете ұғыну және оларды өз компаниясында жүйелі жүзеге асыру маңызды.

4) Бизнестің табысқа жету негізі – мықты командада.

Команда компания иесінің басты активі, оның арқасында компания тиімді әрі ұзақ мерзімді дами алады. Меншік иесіне жалдау, қызметкерлерді кіріспе оқыту және команданы дамыту саласында біліктілік алу маңызды. Жеке әрі өте маңызды дағды бұл корпоративтік мәдениетті қалыптастыру. Компания осымен өмір сүретін бұл бірыңғай құндылықтар, принциптер және әдеттер жиынтығы. Корпоративтік мәдениет негізін компания құрылған сәттен салу керек.

5) Компанияда өсу стратегиясы болу керек.

Өсу стратегиясы «Ненің есебінен біз өсеміз?» сұрағына жауап бар екенін білдіреді. Бұған компания болашағының, бекітілген жауаптыларымен осы мақсаттарға жету бойынша мақсаттар мен жоспарларының анық түсінікті көрінісі кіреді. Стратегиялық жоспарлау бойынша тұрақты ісшараларда осыған осындай стратегия жетілдірілуде және жандандырылуда, компанияның барлық түйінді қызметкерлерін тартқан маңызды. Егер бизнес өспесе, ол ауырады, ерте ме кеш пе бұндай компания дағдарысқа түседі. Осы себепті компанияның басынан стратегиялық жоспарлау бойынша ісшаралар ырғағын іске қосу маңызды.

«Startup Академия» жобасына кез келген жаңа бастап жүрген кәсіпкер қатыса алады, Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 8А үйі, 1 қабат мекенжайы бойынша орналасқан біздің КҚКО-да немесе Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 13, «StartUp» ғимараты мекенжайы бойынша орналасқан Startup Академияда кеңес және қатысуға өтінім алуға болады.