Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Петропавлда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша тұсаукесер өтеді

27 қараша 2017 ж., 11:26

29 қарашада «Даму» Қорының Петропавл қаласындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында Солтүстік Қазақстан облысындағы ісін жаңа бастаған және бизнесі бар кәсіпкерлерге шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларының талаптары мен шарттарына арналған таныстырылым өтеді.

• Бизнесті қолдау және бизнесті дамыту «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы мен «Даму Оптимаға» қатысу шарттары;

• «Даму» Қорының орталығында Қашықтан оқыту жобалары және консультациялық сүйемелдеу, бизнесті жүргізуде әр түрлі аспектілер бойынша қызмет көрсету.

Сіз банкте несие бойынша пайыздық мөлшерлеменің көлемін қалай азайта аласыз және кепіл жеткіліксіз болған жағдайда «Даму» Қорының кепілдігін қалай пайдалана аласыз, сондай-ақ кәсіпкерлік сауаттылығын қай жерде арттыруға болады деген сауалдарға жауап аласыз.

Мекен-жайы: Петропавл қ., Жамбыл к-сі, 191 ғимараты, «Даму» Қорының КҚКО оқу сыныбында, бірінші қабат. Семинар өтетін күн сағат 16-30 ден 17-00-ға дейін. Телефон: 8(7152) 55-98-11.