Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

«Даму Көмектің» шапағаты

1 желтоқсан 2017 ж., 17:55

28 қарашада «Даму Көмек» бағдарламасы шеңберінде Ақтөбе қаласы, Бөкенбай батыр көшесі, 133/1 мекен-жайында орналасқан «Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау» қоғамдық бірлестігінің ғимаратында, «Даму» КДҚ АҚ Аймақтық филиалы құрал-жабдықтар мен қажетті заттарды табыстау іс-шарасын өткізді.

Осы бағдарлама шеңберінде белсенділік көрсеткен «ForteBank» АҚ пен мемлекеттік бағдарламаларға қатысқан кәсіпорындар. Атап айтқанда: «Ак Руно» ЖШС, «Акшат-Актобе» ЖШС, «Интер-Агро» ЖШС, «EURO CAR AKTOBE» ЖШС, «Атлас Авто» ЖШС, «Аллигатор ЛТД» ЖШС, «Фармация» ЖШС. Демеушілік көмектің жалпы құны 1 000 000 теңгені құрады.

Іс-шара барысында ісін жаңа бастамақ болған мүмкіндігі шектеулі 14 жанға тігін машиналары, аяқ-киім жөндеу машиналары, дәнекерлеу аппараты, кулинариялық тағамдарды әзірлеу пеші және тауық етін пісіретін жабдықтар табысталды. Куаныш Шұлғаубаев бірінші топ мүгедегі және Бағдат Оралбай екінші топ мүгедегі. Бұларға негізгі қажет болатын жабдықтар мен аяқ-киім жөндеу машинасы табысталды. Күлайым Санғұлова, Сауле Малжигитова, Ислам Жаксыбаевтар бірінші топ мүгедегі. Бұларға функциясы көп тігін машиналары табысталды. Нұраш Аманқұлов екінші топ мүгедегі, оған тоқпен істейтін дәнекерлеу құрылғысы табысталды. Бірінші топ мүгедегі Ерік Шаймағанбетке плита, қуырғыш секілді шауырма дайындауға арналған құрал жабдықтар берілсе. Үшінші топ мүгедегі Айнур Айбасова плитасы кондитерлік тағамдар шығаруға қажет тоқпен істейтін пеш және газға қол жеткізді. Галимян Хасановқа кілт жасайтын құрал және Нұржанов Жайыққа корпустық жиһаздар құрастыруға қажетті дрель, шруповерт, тоқ ара, табысталды. Сонымен қатар 2017 жылы 15 қарашада қаржыгерлер алаңының ашылу салтанаты барысында бірінші топ мүгедегі Демисанов Дәурен мен Ысқақов Әбдімәлікке аяқкиім жөндеу іс машиналары табысталған болатын.

Бірінші топ мүгедегі Коломак Маринаға тігін машинасы табысталды. 1994 жылы ол ауырып қалып мүгедектік алды. Дегенмен оның қолынан іс тігу келеді. «Бірінші тігін машинаны маған әкем сыйлады, ол кезде балам 1 жаста болатын, қазір оның жасы 23 ке келді. Ұлымды өзім тәрбиелеп өсіріп келемін, жолдасым жоқ, анам көмектеседі. Тапсырыстарды телефон арқылы қабылдаймын, кейде үйге келіп тапсырыс беретіндер бар», – дейді Марина.

Ал келесі қатысушымыздың аты Чернопрудова Анастасия 2017 жылы «Тырнақ сервисінің шебері» атты жеке оқыту курсынан өтіп, бағдарлама шеңберінде 100 000 теңгеге сертификатқа ие болды.

«Өзімнің жұмысымды әлеуметтік желілер арқылы және таныстар арқылы таратып отырмын, «Даму» Қоры арқылы таныстарымнан естідім, олар маған осындай «Даму Көмек» бағдарламасы бар екендігін айтты», - дейді қуаныш иесі.

«Даму Көмек» бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдауға бағытталған(қаржылай көмек, заттай, кеңес беру, басқа да қызметтер). «Даму» Қоры қаржыландырмайды, дегенмен демеушілер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың ортасын байланыстырушы буын ретінде қатысады.

2010 жылдан бастап аталған бағдарлама шеңберінде 269 арыз қабылданып 116 мүмкіндігі шектеулі жанға бизнеске қажетті құрал-жабдықтар табысталған болатын.