Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Мобильді топтардың жұмысы жалғасуда

6 қараша 2017 ж., 16:39

Ақтөбе облысында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы бойынша жұмыс бастап кетті. Осы жоба аясында алты бағыт бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Мобильді топтар 9 қазаннан бастап 6 қарашаға дейін Әйтеке би, Хромтау, Мұғалжар, Темір, Мәртөк, Қарғалы, Байғанин, Шалқар аудандарында жұмыс жасайтын болады. Халықпен жұмыс жасауда басты назар, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге, діни экстремизмнің алдын алуға, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуын түсіндіруге, өңірдегі бизнес ортаны дамытуға бағытталатын болатын.

«Бизнес ортаны дамыту» бағыты бойынша ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлерге өткізілген семинар-жиындар кезінде шағын және орта бизнесті дамытудың «Бизнестің жол картасы — 2020», «Агробизнес — 2020», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» және т.б. мемлекеттік қолдау шаралары түсіндіріліп, Даму қорының мобильді кеңесшісі Мейрхан Жанкелдіұлы «Бизнестің жол картасы — 2020», «Кең дала», «Жас Старт» секілді мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер берген болатын.