Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Астана қаласының әкімінің бизнес қоғамдастықпен кездесуі өтті

4 қазан 2017 ж., 19:00

Елордада Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің бизнес қоғамдастықпен «Астана - бизнеспен қатынастың жаңа парағы» атты кездесуі өтті.

Кездесу барысында инвестициялық, экономиканың басымдық берілген салалары және бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер талқыланды. Кәсіпкерлерді қаржыландырудың мемлекеттік және жергілікті бағдарламалары ұсынылды.

«Даму» қорының Астана филиалының директоры Исламбек Қайырбеков кәсіпкерлерді қолдау бағдарламаларын, қор жүзеге асыратын қаржы құралдары, сондай-ақ нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын ұсынды.

Кездесу соңында қатысушылар Астана қаласының әкіміне жеке сұрақтар қою және өз ұсыныстарын айту мүмкіндігін алды. Сондай-ақ 2В2 кездесулер үшін алаң ұйымдастырылды, кәсіпкерлер өз әріптестерімен кездесу және жаңа іскерлік байланыстар орнату мүмкіндігіне ие болды.