Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

«Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» жобасы

Назар аударыңыз: «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» жобасы 2016 жылы аяқталды.

Төменде келтірілген ақпарат анықтамалық болып саналады, сондықтан нақтылауды қажет етеді!

Жоба Қазақстан Республикасының жоғарғы және орта мамандандырылған оқу орындарының 18-ден 29 жасқа дейінгі студент жастардың кәсіпкерлік әлеуетін Жобаға Қатысушылардың кәсіпкерлік және жеке құзіретін, жеке бизнесін ашуға немесе дамытуға жеткілікті болатындай етіп дамытуға бағытталған.

Жобаның басты мақсаттары :

· Студент жастар арасындағы кәсіпкерлік;

· Студент жастары арсында Кәсіпкерлік қызметті көпшіллікке тарату;

· Жастар негізін қалаған кіші және орта бизнес субъектілерінің санын арттыру;

· Оқытатын тренинг-семинарлар жүргізу арқылы қызмет ететін және болашақ жас кәсіпкерлердің кәсіпкерлік құзіретін көтеру;

· Студент жастарға кеңес беру қызметін атқару;

· Қызмет ететін және бастап жатырған жас кәсіпкерлердің бизнес-жобаларына тәлімгерлік енгізу.

Мақсатты топ

18 және 29 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының жоғары және орта мамандандырылған оқу орындарының (қоса алғанда) студенттері.

Іске асыру мерзімі

Тоқсан сайын

Жобаны жүзеге асыру орны

Қазақстан Республикасының Жоғарғы және мамандандырылған орта оқу орындары

Жоба қарастырады :

  • Жоба қатысушыларының өтініштерін жинау;
  • Жоба шеңберінде АФ-ын кәсіпкерліктің негіздері бойынша оқу-әдіснамалықлық құралдың электронды нұсқасымен қамтамасыз ету;
  • Оқу орындарымен бірлесіп жоба қатысушыларының топтарын, кестені және оқыту бағдарламасын қалыптастыру;
  • Оқытуды жүргізуге мониторинг жасау және СRМ (ВРМ) жүйесінде Жоба Қатысушыларын тіркеуді қамтамасыз ету;

1. АФ Оқу орнымен бірге Жобаның форматын түсіндірумен қатар, Жобаға қабылдау жайлы студент жастарды, әлеуметтік желілерді және/немесе жергілікті БАҚ-ты ақпараттандырады;

2. Оқу орны студент жастардың тоқсанына кемінде 20 (жиырма), бірақ 50-ден (елуден) артық емес Жобаға қатысу өтініштерін қабылдайды;

3. АФ жастарға тәжірибе мен пратикалық дағдыларын беру мақсатында тренинг-семинарларда табысқа жеткен кәсіпкерлердің, практик-мамандардың және өзге тұлғалардың дәріс оқуын ұйымдастырады;

4. Оқыту семинары күніне төрт (4) академиялық сағат, кем дегенде алты (6) күнтізбелік күн жүзеге асырылып, жиырма төрт (24) семестрлік сағаттан тұрады. Осы кезеңде, жоба қатысушылары бизнес идеясын қалыптастыру керек;

5. Білім беру мекемесінің, кемінде 3 (үш) мүшеден тұратын, құрамында РФ өкілі бар комиссиясы, тәжірибелік сабақтарға қатысуға, 4 (төрт) бизнес-жобадан артық емес бизнес-жобаларды таңдауды жүзеге асырады. Хаттама- комиссиясының шешімі болып табылады.. Іріктеу төмендегі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

Критерий

Балл

1

2

3

жаңа жұмыс орындарын ашу

1 – 3 адам.

3 – 10 адам.

10 және одан артық адам.

әлеуметтік эффект

жағымсыз

бейтарап

жағымды

экологи ялық әсер / қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығына мүмкін әсері

Зиян әсер

Әсері жоқ

Әсері бар

қаржыландыру көлемі

3 000 000-нан жоғары

1 000 000- 3 000 000

1 000 000-ға дейін

саланың экономиканың басым секторларына қатынасы

БЖК-2020 аясындағы басым салаларға жатпайды

БЖК-2020 аясындағы басым салаларға жатады

Өңдеу салаларының қатарына жатады

  1. Қажет жағдайда, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту сертификатын алған соң, Жоба қатысушыларына КҚКО кеңесшілерімен бизнесті ашу және дамыту сұрақтары бойынша, соның ішінде бизнес-жоспар дайындауда, КОБ субъекті ретінде тіркеу, Қордың қаржылық қолдау құралдарын алу үшін өтінішін дайындауға құжаттар дайындауда қолдау көрсетеді;
  2. Жоба қатысушыларының Қор кепілдігін алуға қызығушылығы кезінде, АФ-ның субсидиялау және кепілдендіру бойынша менеджері, Қордың субсидиялау және кепілдендіру процедуралары бойынша ішкі нормативті құжаттарына сәйкес, Жоба қатысушысын субсидия және кепілдендіруді ұсыну бойынша кеңес береді және сонымен қатар Қор қарастыратын құжаттарды дайындайды;
  3. Тренинг-семинар және практикалық оқыту тоқсанына 1 (бір) рет өткізіледі;
  4. Жоба әр тоқсан сайын жүзеге асады, әр Жоба тоқсанның 1 (бірінші) айында басталуы керек;
  5. Қатысушылардың өз қалауымен бизнесін жүргізу үшін Тәлімгер таңдалады.

Күтілетін нәтижелер

Жобаның қатысушысы практикалық тапсырмалар және тәлімгердің кеңестері арқылы кәсіпкерлік қызмет негіздерін үйренеді және ООП кеңесшілерінің сүйемелдеуімен ӨЗ БИЗНЕСІН жүргізеді!

DOC  «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» жобасына қатысуға өтініш (24.64 Kb)

XLS «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» жобасы шеңберінде оқытудың 2016ж 4-тоқсанға арналған кестесі (13.97 Kb)