Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

«Startup «Bolashak» Стартап-Жобалар Байқауы

Жүлде қоры 30 миллион теңгеден жоғары «Startup «Bolashak» стартапжобалары байқауының екінші маусымы басталды.

«Болашақ» Қауымдастығының негізгі бағыттарының бірі кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және жалпы жастар кәсіпкерлігін дамыту болып табылады. Қауымдастыңтың қабылданған 2017 жылға дейінгі даму стратегиясында жас бизнесмендердің бастамаларына ерекше назар аударылған. Осы жылы енді ғана істерін бастаған кәсіпкерлер мен жас мамандар үшін, олардың көшбасшылық дағдыларын дамыту және бизнес-әлеуеттерін жүзеге асыру мақсаттарында бірқатар ірі жобалар қолға алынатын болады.

«Startup Bolashak» байқауы екінші кезеңінің жартылай финал жеңімпаздары анықталды 

Байқаудың екінші кезеңіне өткен қатысушылар:

  1. Айладирова Гулнур Мирамбаевна;
  2. Айтуғанов Қуандықби Керімжанұлы;
  3. Байтимбетов Галым Болатұлы;
  4. Бекпанова Сандугаш Сундетовна;
  5. Бекнур Карина Рустамбеккызы;
  6. Бектурганов Маулен Бахытбекович;
  7. Бердалиев Канат Касымбекович;
  8. Бикбаева Нургуль Дуйсенбаевна;
  9. Билялова Бакыт Аскаровна;
  10. Елемесов Руслан Махмудович;
  11. Жакупов Арыстан Кенесович;
  12. Жантілеу Еркебұлан Бақытұлы;
  13. Жумажанов Даулет Адельтайулы
  14. Исмагулов Даурен Маратович;
  15. Каликбаев Болат Муханбетжанович;
  16. Кенжебаев Темирлан Нурланович;
  17. Ли Алексей Олегович;
  18. Момбаев Адилет Ергалиулы;
  19. Мусабекова Назым Сериковна;
  20. Мухамбетжанова Фариза Мерекеевна;
  21. Нурединов Ержан Ертлеуович;
  22. Рақымжанов Нұржігіт Ғабитұлы;
  23. Садвакасов Габит Асылбекович;
  24. Садыров Жеңіс Жумаханұлы;
  25. Сейтбек Нұрсұлтан Нұрланұлы;
  26. Сейтбекова Нұргүл Сейтбекқызы;
  27. Тастанбеков Диас Бахытжанович;
  28. Тұрмұхамбет Данияр Ұланұлы;
  29. Шәуенов Жақсылық Қасымұлы.

Бизнес-жобаларды іріктеу барысында бизнес-идеялардың жаңалығы мен бірегейлігі, әлеуметтік маңызы, экологиялық әсері және бизнестегі тәжірибесі ескерілді.

Байқау комиссиясының қорытындысы бойынша 29 бизнес-идея таңдалды. Авторлар 17-25 қазан аралығында бизнес-тренинг оқуларынан өтеді. Бизнес-тренингтен өткен соң қатысушылар өз жобаларын қазылар алдында қорғайды. Оның қорытындысы бойынша кем дегенде 10 жеңімпаз анықталып, Бизнес-жоспарлар марафонына қатысады.

Байқау комиссиясының құрамына «Big Four» компаниясының, ұйымдастырушылар, әріптестер, демеушілердің өкілдері кірді.

  • Асхат Жолмырзаев – Байқау комиссиясының төрағасы, «Казинвестбанк» АҚ Басқарушы директоры,
  • Исламбек Қайырбеков – «Даму» Қорының Астана қаласы бойынша филиалының директоры,
  • Назым Оразғұлова – «Qazaq Banki» АҚ Астана қалалық филиалы директорының орынбасары Гүлжамал Исаева – Еуропа Одағы біріккен жобасының менеджері,
  • Марат Шаймарданов – «Верный Капитал» компаниялар тобының инвестициялық басқарушысы
  • Сәкен Жұмашев – әріптес, «KPMG Tax and Advisory LLC» Қазақстан мен Орталық Азиядағы басқару және тәуекел кеңесі тәжірибесінің жетекшісі
  • Владимир Кононенко – әріптес, Каспий өңіріндегі «Делойт» салық тәжірибесінің жетекшісі
  • Әділ Сыздықов – «Ernst & Young» ЖШС аудиторлық тәжірибе департаментінің директоры
  • Виктория Давлеткильдеева – «PricewaterhouseCoopers Tax & Advisory LLP» PR-маманы
  • Жанна Прашкевич – «Startup «Bolashak» байқауы екінші кезеңінің тренері, «ИнноMix» ЖШС директоры.

25 шілде мен 23 қыркүйек аралығында «Даму» Қоры және «Болашақ» қауымдастығы ұйымдастыруымен «Startup Bolashak» байқауының екінші кезеңіне қатысуға өтініштер қабылдана бастаған болатын. Байқауда Қазақстанның түкпір-түкпірінен 18 бен 29 аралығындағы жастар мен 5 адамнан тұратын жобалық топтар өтінім білдірген болатын.

Іс бастаушы кәсіпкерлерден жалпы саны 2 736 өтінім келіп түскен болатын. (пошта арқылы 23 қыркүйектен кеш қалмай жіберілген өтініштердің қорытынды есебі). Ең көп үміткер Алматы қаласында. Мұнда 365 өтінім тіркелген. Екінші орында 350 өтінім берген Оңтүстік Қазақстан облысы. Шымкент қаласында 269 іс бастаушы кәсіпкер құжат тапсырса, Түркістанда 81 адам байқауға қатысуға ниет білдірген. Үшінші орында - 290 өтінім қабылдаған Астана қаласы.

Іс бастаушы кәсіпкерлер арасында сұранысқа ие салалар қатары: өңдеу өнеркәсібі – 701 жоба, ауыл, орман, балық шаруашылығы – 310 өтінім, білім беру – 227 өтінім, ақпарат және байланыс – 222 өтінім болды.


Ережеге сәйкес, байқауға Қазақстанның әр түкпірінен жасы 18-ден 29-ға дейінгі жастар қатыса алады.

Стартап жобаларының байқауы

I-орын үшін – 7 млн теңге,

II-орын үшін – 6 млн теңге және

ІІІ-орын үшін 5 млн теңге

көлемінде берілетін «Болашақ» Қауымдастығының 3 грантын көздейді, сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Даму Бағдарламасы «жасыл экономика» саласындағы стартаптарды іске асыру үшін бөлген қаржысы аясында 15 млн теңге грант береді.

Бұдан басқа, ең қызық идеялардың авторлары инвесторлардан инвестиция және «Даму» қорынан қолдау ала алатын болады.

Байқауға қатысуға арналған өтінімдер 23 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) қабылданады. «Даму» қорының барлық өңірлерде кәсіпкерлер үшін ашылған қызмет көрсету орталықтары құжаттарды қабылдайды (төменде қараңыз).

Жеңімпаздардың аттары қарашаның 26 күні өтетін Бизнес-жоспарлар марафонында аңықталатын болады.

«Startup «Bolashak» байқауы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде байқау комиссиясының мүшелері 20 ең қызықты бизнес-жобасын таңдап алады. Идеялардың авторлары өздерінің кәсіпкерлік құзыретін арттыруына бағытталған оқыту бизнес-тренингтерден өтеді.

Екінші кезеңде 10 үздік жобаға бизнес-жоспарын әзірлеуге жол беріледі және оларға кеңесшілер мен кәсіби менторлар қолдауын көрсететін болады.

«Startup «Bolashak» байқауының Республикалық телеарналардың бірі реалити-шоу форматында көрсететін болады.

«Болашақ» Қауымдастығының стартап жобаларының байқауы жастардың бизнес саласындағы бастамаларын қолдау құралдарының бірі ретінде Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» атты Ұлттық Жоспарды іске асыруға бағытталған.

PDF Startup Bolashak Байқау туралы Ереже, 2016ж (606.61 Kb)

PDF Startup Bolashak Байқауға қатысуға өтінім, 2016ж (1001.77 Kb)

DOC Startup Bolashak Байқауға қатысуға өтінім, 2016ж (22.37 Kb)

Байқаудың әріптестері мен ұйымдастырушылары:

«Болашақ» Қауымдастығы,

«Даму» Қоры және

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Даму Бағдарламасы.

Демеушілер:

«KazInvestBank» АҚ пен

«Qazaq Banki» АҚ.

Қосымша ақпарат: 8 (7172) 707-669.