Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

«Даму» қоры» акционерлік қоғамы 2015 жылға арналған қарапайым акциялар бойынша дивидендтерді төлеуге қатысты «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма шешіміне өзгертулер енгізілгендігі туралы хабарлайды

10 маусым 2016 ж., 11:23

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы, Алматы қ. Гоголь к-сі, 111 мекенжайы бойынша орналасқан, (деректемелері: ЖСК KZ868210339895914461 "Банк "Bank RBK" АҚ Алматы қ. филиалында, БСК KINCKZKA, БСН 970840000277, Кбе 15) Жалғыз Акционердің шешімінің негізінде («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының 31.05.2016 гж. № 24/16 күндізгі мәжілісі) жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы жариялайды.

2015 жылғы қызметтің қорытындылары бойынша дивидендтің мөлшері «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бір жай акциясына есептегенде 72 (жетпіс екі) теңге 83 тиынды құрайды. Дивидендтерді төлеудің басталу күні – 2016 жылдың 15 маусымы.

Дивидендтерді төлеу дивидендтерді төлеудің басталу күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде ақшалай түрде банктік есепшотқа қолма-қол ақшасыз аудару арқылы жүзеге асырылатын болады.