Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

«Даму» қоры» акционерлік қоғамы 2014 жылға арналған қарапайым акциялар бойынша дивидендтерді төлеуге қатысты «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма шешіміне өзгертулер енгізілгендігі туралы хабарлайды

8 желтоқсан 2015 ж., 13:56

Алматы қ., Гоголь к-сі, 111 мекен-жайында орналасқан «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (деректемелері: Алматы қаласындағы «Казкоммерцбанк» АҚ-ның Алмалы филиалындағы ЖСК KZ 399261802102630000, БСК KZKOKZKX, БСН 970840000277, Кбе 15) Жалғыз Акционердің шешімі негізінде (04.12.2014 жылғы №35/15 «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының ішкі отырысында) 2014 жылға арналған қарапайым акциялар бойынша дивидендтерді төлеуге қатысты 2015 жылдың 20 мамырындағы (хаттама №18/15) «Бәйтерек» ҰБХ» Басқарма шешіміне өзгертулер енгізілгендігі туралы хабарлайды.

2014 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның бір қарапайым акциясына шаққандағы дивидент мөлшері 136 (жүз отыз алты) теңге 29 тиынды құрайды.

Дивидендтер төлемі 2015 жылғы 11 желтоқсанға дейінгі кезеңде қолма-қол ақшасыз банк шотына аудару арқылы жүргізілетін болады.