Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

«Даму» Қоры» АҚ-ның Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ мемлекеттік кепілдік беру жайлы келісім жасау арқылы ірі мәмілені іске асыруы

13 тамыз 2015 ж., 18:58

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ірі мәмілелері, аса қызығушылықпен жасалған мәмілелер, сонымен қатар мемлекеттік кепілдік беру жөніндегі Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі мен «Қазақстан даму Банкі» АҚ-ның келісім жасасу жолымен меншікті капитал мөлшерінің он және одан да көп пайыздан тұратын міндетінің ұлғайтылуына байланысты мәмілелер жасалды.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңындағы 79 баптың 2-1 тармағының талаптарын назарға ала отырып, Қор инвесторлары мен акционерлерін құлақтандыру мақсатында келесіні хабарлайды: 228 млн. АҚШ доллары сомасында Азия Даму Банкінің 3 транш қарызын қайтаруда Қор міндеттемесін қамтамасыз етуге мемлекеттік кепілдік беру жөнінде 12.08.2015ж. Қор, Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-мен келісім жасасты.

Аталған құралдың негізгі мақсаты дамуға мүмкіндігі бар барлық ШОБ субъектілерінің қаржылануға қол жеткізуін қамтамасыз ету, сонымен қатар экономиканы әртараптандыруға көмектесу мен кәсіпкерлер белсенділігін ынталандыру есебінен шағын және орта бизнес саласында бәсекелестікті арттыру.