Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Жaңалықтар

ЖШС «Адили Текстиль» бұл ұлттық киімен табиғи маталар мен аксессуарларға басып шығаруға инновациялық өндірісті алғаш енгізген компания. Саудадағы өз бизнесін дамыту, ұзақ жұмыс нәтижесінде компания өздерінің әрлеу өнімдерін іске қосты, ол белсенді бояғыштарды су негізінде қолдануға мүмкіндік береді. Компанияның құрушысы және «Adili» бренді Асель Адиль әлемдік үрдістерді мұқият қадағалап отыр, және мемлекеттік қолдаудың арқасында ЖШС «Адили Текстиль» жоғары сапалы басып шығаруды ұсынуға дайын. Шығарылатың аксессуарлар қазақстандық әшекейлер мен мотивтермен әдемі безендірілген және брендтің іске асуы әйелдердің еңбексүйгіш жұмысының нәтижесі болды – екі сіңлісі Асель және Индира. 2010 – 2015 жылдар кезеңінде қатынастар орнатылып, мамандандырылған дүкендермен серіктестікте сатылым желісі құрылды, онлайн – дүкен арқылы іске қосылды. Бүгінгі күнге серіктестік желісі Алматы, Астана, Ақтау, Атырау, Қостанай қалаларда ашылған.
«RemPost» ЖШС - жүк вагондарын жөндеу және оларды жөндеу үшін қосалқы бөлшектерді жеткізу бойынша қызметтердің толық спектрін ұсынады. Кәсіпорын директоры-Ержанова Жұпар алғашында «Startup Академия» жобасы бойынша оқып, бағдарлама туралы сол жоба арқылы таныс болды. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының финагенты Ыбрай Мендибаевтың сүемелдеумен «Сбербанк» АҚ ЕБ құжаттар тапсырылып, 6%-бен 18 млн теңге несие алды.

«Даму» Қоры АҚ Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының талаптары бойынша таныстырылым әзірледі 

Демеуші компаниялар, соның ішінде екінші деңгейдегі банктер тарапынан 1,8 миллион теңгеден асатын сомаға құрал-жабдықтар табыс етілді.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша Жеңіс «Сбербанк» арқылы 13 млн теңге мөлшерінде 6%-мен мөлшерінде несие алды. «Даму» қорынан 3,3 млн теңгеге кепілдік берілді. Бұл оған жөндеу жүргізіп, қажетті жабдықтар орнатылатын стоматологиялық кабинетті сатып алуға көмектесті.

Отбасылық бизнестің басшысы Ордабаева Бибігүлдің "БиодентЭк" ЖШС жобасы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының арқасында қолдау көрді.

Кәсіпкер «Даму» Қорының Арқалық қаласындағы өкілдігіне келіп, бұқаралық кәсіпкерлік бағдарламасы туралы біліп, соның аясында жеңілдікпен несие алу мүмкіндігіне ие болды. Қысқа мерзім ішінде «Қазақстан Халық Банкі» Розаға 3,5 млн теңге көлемінде несие берді.  «Даму» қоры 1,5 млн. теңге мөлшерінде  кепілдік берді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында қуаттылығы 200 тонналық Арай сауда белгісімен шығарылатын шұжық өңдеу цехының ашылу салтанаты өтті.
Ашылу рәсіміне Қызылорда қаласы Әкімінің орынбасары, «Нұр Отан» ҚОФ Төрағасының орынбасары, «Даму» Қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандары қатысты.
Маңғыстау облысының әкімі Тоғажанова Ералы Лұқпанұлының қатысуымен салтанатты түрде ашылған екінші жоба - Мунайлы ауданының кәсіпкері Сүгірбекова Гүлнардың балабақшасы.
2017 жылдың 14 желтоқсанында Маңғыстау облысының әкімі Тоғжанов Ералы Лұқпанұлының қатысуымен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін тойлау қарсаңында, «Мунайлы» ауданында «Даму» қорының қолдауымен әлеуметтік маңызы бар бөтелкедегі су өндіретін зауыт нысанының салтанатты ашылуы өтті.