Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Анонстар

Достар! Біздің «Бизнес-фитнес» жобамыз бойынша оқу жалғасуда. 2 қараша күні «Даму» Қорының Көкшетау қаласындығы филиалында Елена Бугаенкомен кездесуге шақырамыз. Ол «Өз бизнесіңді ашуға бел буу» тақырыбына сабақ өткізеді.
27 қазан күні «Сбербанк» АҚ ЕБ ғимаратында кәсіпкерлерге арналған таныстырылым өтеді. Онда «Даму» қорының бағдарламалары да ұсынылады. Сонымен қатар Сбербанктің «Даму» Қорымен бірлесіп жүзеге асырып жатқан өнімдері жайлы да ақпарат беріледі.
26 қазан күні «ПГУ Венчур» ЖШС директоры Сәкен Ордабаев «Өз бизнесіңді қалай ашуға болады?» деген тақырыпта дәріс оқиды.
Мобильді автобуспен бірге мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша кеңес беруші Айтбаев Балтабек Қостанай облысының алыс орналасқан ауылдарына барады.
Сіздерді 2017-2021 жылдарға арналған Өнімді жұмыспен қамтуды және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бойынша «Даму» Қорының кепілдендіруімен жылына 6% мөлшерлемемен жеңілдікті шарттары бар несие алуға шақырамыз.
Мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңесші Қуатбай Матназаров аудан орталығы мен шалғай ауылдардың тұрғындарына кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша және Бәйтерек» ҰБХ АҚ еншілес компанияларының бағдарламалары бойынша ақпараттандыру жұмыстарын жүргізеді.
2017 жылы 20 қазанда Астанадағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО) «Cайт арқылы немесе сайттың көмегінсіз фейсбук пен инстаграмм арқылы қалай сатуға болады» атты шеберлік сабағы өтеді.
Данат Жумин, Монтана университетінің түлегі (Монтана штаты, АҚШ), Гарвард бизнес мектебінің түлегі, бизнесмен жəне Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі. Мемлекеттік басқарудағы көптеген жаңалықтардың бастамашысы.
Шеберлік сабақты сертификатталған бизнес жаттықтырушы, CEO Smart educаtion коучы Темірболат Серіков пен Smart educаtion пиар-директоры, журналист, SMM, коуч, development manager Алуа Сагитаева өткізеді.
16-21 қазан аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Startup Академия» жобасы аясында стартапшылардың бизнес-идеялары үшін қолайлы жағдай жасау және оларды дамыту бойынша оқыту басталады.