Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Біздің іс-шаралар: семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер мен таныстырылымдар

25-27 қаңтар аралығында Кәсіпкерліктің құзіреттілігін арттыру бірыңғай бағдарламасының «Жаңа бизнес ашуға қолдау» жобасы аясында «Даму» Қорының Атыраудағы филиалы 2015-2018 жылдарға кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында үш күндік оқу өткізді.
Семинарда іс бастаушы кәсіпкерлерге жалпы шығын туралы түсінік не екені, олардың классификациясы мен құрылымы туралы, мақсатты пайда нүктесін қалай есептеуі, шығындар құрылымы тәуекелділікке қалай әсер етуі мен нарық жағдайларындағы өзгерістерге пайданың сезімталдығы және басқа да бизнес істі бастау үшін қажетті кезеңдер үйретілді.
Солтүстік Қазақстан облысына сапары аясында мәжіліс депутаттары Қуаныш Сұлтанов пен Мәулен Әшімбаев «Молпродукт» ЖШС өндіру жұмыс процесімен танысты.
Кездесу кезінде депутаттар Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысмен танысты. Аймақтық филиалдың директоры Е.Қ. Әбенов өңірдегі мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуы, облыс аудандарының кәсіпкерлеріне көрсетіп жатқан қолдаулары туралы айтып өтті.
2016 жылдың екінші жартыжылдығында «Даму» Қоры мен Almaty Management University арасында меморандумға қол қойылып, 29-30 желтоқсан күндері Алматыда «Жобалық менеджмент» атты алғашқы тренинг өтті. Семинарды Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Экономика және қаржы» кафедрасының меңгерушісі, PhD Әлібек Бисембаев өткізді.

Қор қызметкерлерімен танысу барысында депутат қазір талқылаудағы және толықтыру үстіндегі заң жобалары туралы айтып берді. Дәния Еспаева ұзақ уақыт «Қазкомерцбанктің» аймақтық филиалын басқарғандықтан, бизнес өкілдерінің мүддесін қорғап келеді. Себебі кәсіпкерлердің проблемаларын жақсы біледі және шешу жолдарынан да хабары бар.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында, «Даму» кәсіпкерлерлікті қолдау Қоры» АҚ Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиалы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында бірнеше нысандарға пресс-тур ұйымдастырды.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті жанында «Жаңа бизнес ашуға көмек» және «Студент жастардың кәсіпкерлік құзіреттілігін арттыру» жобалары бойынша оқудан өткен Атырау облысының студенттері мен ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге «Даму» Қоры екікүндік «Жобалық менеджмент – Стартап дамытудың басқару құралы» атты тренинг ұйымдастырды.
Қарағанды қаласында «Шырақ» қауымдастығының «Мүгедек әйелдерді кәсіпкерлікке баулу» атты жобасы бойынша 2 күндік семинар тренинг өтті. Семинар «Даму» Қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өткізілді.
15 желтоқсанда «Даму» қорында Алматы қаласы бойынша Кәсіпкерлерге Қызмет Көрсету орталығы InvaMade.kz сайтының құрылтайшыларымен бірлесіп, қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Онда әр адамның ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өз қолынан жасалған заттарды сатып алуға мүмкіндіктері болды.