Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Біздің іс-шаралар: семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер мен таныстырылымдар

Тренингке қоғамдық жұмыстармен айналысатын, бизнес ашқан және жеке істерін ашуды жоспарлап жүрген әйелдер қатысты.
«Даму-Көмек» жобасы шеңберінде мүгедектігі бар кәсіпкер Гүлжан Мамырбаеваға тігін машинасы берілді.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті қабырғасында «Start up Академия» жобасы шеңберінде стартап жобалар байқауының екінші кезеңі өтті. Жалпы байқауға 36 адам қатысып, оның ішінде 15 стартап жоба байқау комиссиясы алдында жобаларын қорғады.
13 маусым күні Шымкент қаласындағы «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Мүмкіндігі шектеулі әйелдердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту» атты тренинг-семинар мәресіне жетті.
Осы жылы «Назарбаев университеті» ДБҰ жанында бизнесті басқарудың жаңа модельдерін оңтүстік қазақстандық 38 кәсіпкер оқыды. Олардың арасында өңдеу өнеркәсібі саласынан 19, ауыл шаруашылығы саласынан 5 және тасымалдау мен қоймада сақтау саласынан 4 кәсіпкер болды. Ал ІТ саласынан бір, денсаулық сақтау саласынан бір өкіл қатысты.
Тренингке қоғамдық жұмыстармен айналысатын, бизнес ашқан және жеке істерін ашуды жоспарлап жүрген әйелдер қатысты.
Тренинг барысында қатысушылардың мүгедектікке деген көзқарастарын өзгертуге күш салынды. Мүгедек әйелдер ұжымда көшбасшылық дағдыларын қалыптастырудың негізгі әдістерін үйреніп, тиімді қарым-қатынасты қалай орнатуға болатынын ұғып, бизнес-жоба жасау секілді басқа да көптеген қажетті біліктіліктерді зерттеуге алды.
Мен осы оқуды ұйымдастырғандарға алғыс білдіремін. Бұл оқу біздің дұрыс жолда екенімізді көрсетіп, білімімізді толықтырып, болашақ жеңістерге ынталануға ықпал етті. Сіздер Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытуға үлкен қамқорлық танытып отырсыздар,–деді «Renovatio Co» ЖШС басшысы Ольга Беганская.
Оқу барысында іс бастаушы және жұмыс істеп жатқан 26 кәсіпкер тәжірибелі тренерлерден кәсіпкерлік негіздері, бизнес–жоспар жазу және заңдық аспектілер бойынша дәріс алды.
Семинарды өткізген тәжірибелі бизнес-тренер Тимур Рахымжанов Ақмола облысының 25 әлеуетті және іс бастаушы кәсіпкерлерін оқытты.