Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Біздің іс-шаралар: семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер мен таныстырылымдар

20 шілде күні Тараз қаласындағы «Ауыл Береке» базарында «Нұр Отан» партиясының «Жастар Отанға» атты жобасы аясында «Кеңес беру» орталығының ұйымдастыруымен азаматтарды қабылдау өтті.
13 шілде күні ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің Атырау облыстық бөлімінде «Даму» қорының осы өңірдегі филиал басшысы Алия Утепкалиева бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. А.Утепқалиева кездесу барысында «Нұрлы жер» бағдарламасының бағыттарымен, шарттарымен оның мүмкіндіктерімен таныстырды.

2017 жылдың 21 маусымында Шығыс Қазақстан облысының үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында 9 жоба мақұлданды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 3 ай ішінде жалпы сомасы 13 млрд. теңге құрайтын 39 субсидия келісімдеріне қол қойылды. Кепілдік құралдары бойынша, сомасы 345 млн. теңге құрайтын 16 шарт бекітілді.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 10-12 шілде аралығында «Жаңа бизнесті ашуды қолдау» жобасы аясында 18 жастан бастап ісін жаңадан бастаған тұлғалар мен болашақ кәсіпкерлерді оқытудың ІІІ кезеңі өтті.
Кездесуге қырықтан астам кәсіпкер қатысты. Олар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды және «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Біріңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау туралы толық ақпарат алды.
Семинар өз өмірлерін өзгерткісі келген жас әйелдерді жұмыспен қамту мәселесін шешуді көздейді.
Конференция шеңберінде қатысушылар кәнігі бизнес-жаттықтырушылар мен табысты кәсіпкерлерден өзекті және өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, пайдалы іскерлік шартқа отыру дағдылары бойынша және жеке бизнестегі тәжірибелері туралы мағлұмат алды.
Қызылордада Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысында жалпы сомасы 177,5 млн теңге болатын жаңа жобалар мақұлданды. Кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында несие пайызын субсидиялау мен жобаларды кепілдендіру секілді қолдау құралдарына қол жеткізді. Сондай-ақ жобалардың табысты жүзеге асуы барысында жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.
20 маусымда «Даму» қорының Петропавл қаласындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Жаңа бизнес ашуды қолдау» жобасы аясында Бизнес-жоспарлар байқауында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер қысқа мерзімде оқып және консультациялық сүйемелдеу алғаннан кейін өздерінің Старт-ап жобаларының тұсаукесерін өткізді.