Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Біздің іс-шаралар: семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер мен таныстырылымдар

Бағдарлама бойынша облысқа 545,0 млн теңге қаражат бөлінген болатын. Қаржы екінші деңгейлі банктерге салынды.
Кездесу барысында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшісі Сатекбаев Жандос мемлекеттік бағдарламалардың шарттары жайлы түсіндірді. Атап айтқанда «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы», «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы және «Даму Оптима» бағдарламасы жайында мағлұмат берді.

Оқу соңында төрт тыңдаушы жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелді. Енді олар «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберіндегі грант байқауына қатысу үшін құжат әзірлеуде.

Көкшетауда «Даму» қоры бастамасымен «Экономикалық журналистика» атты тренинг өтті.
Жоба қорғауға «Start up Академияда» оқыған 20 үздік стартап иесі қатысты. Ұсынылған презентациялар әр алуан және әр идея өзгеше. Ал жеңімпаздар инвесторлардан қолдау алды.
12 тамыз күні Атырау қаласында «Даму» қорының құрылғанына 20 жыл толуына байланысты шағын футболдан турнир өтті. Турнирге екінші деңгейлі банк филиалдары, бұқаралық ақпарат құрал өкілдері және «Даму» қорының Атырау филиалы командалары, барлығы 8 команда қатысты.
Тренингке қатысушылар іскерлік БАҚ жұмысымен табысты және сәтсіз мысалдар арқылы таныса алды. Күрделі экономикалық тақырыпқа мақалаланы оңай жазуды үйреніп, іскерлік ақпаратты өз аудиториясына қолжетімді және пайдалы ете алуды біліп, тақырып табу, сарапшылар мен спикерлерді анықтау жайын ұқты.

Кездесу барысында «Даму» Қорының бас менеджері Олег Пак Қазақстан Республикасы Үкіметінің №919 29.12.2016 ж қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік дамыту 2017-2021 жылдарға арналған Бағдарламасының шарттары жайлы, қалаларда кредит/микрокредит беру ережесін және қалада берілетін микроқаржы ұйымдары/екінші деңгейдегі банктер беретін микрокредит бойынша кепілдендіру ережесі жайлы айтып берді.

Қатысушылар АТФ Банкі арқылы қаржыландыру мүмкіндіктері («Бизнес стандарт», «Овердрафт», «Несие 3 күнде» банк кепілдемесі т.б) және кәсіпкерлікті қолдауда «Даму» Қоры жүзеге асыратын мемлекеттік бағдарламалары, оның ішінде «Бизнестің жол картасы – 2020», «Даму Аймақтар III», «Ақтөбе ЖасСтарт-2», «Кең Дала-2» бағдарламалары жайында ақпарат алды.

Жыл басынан бастап мобильді орталық жеті ауданда болып, 200-ге жуық ауыл кәсіпкерлері мен тұрғындары өздеріне қажетті қызмет түрлерін пайдаланды.