Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Біздің іс-шаралар: семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер мен таныстырылымдар

Ағымдағы жылдың 8 шілдесінде «Даму» қоры өкілдері мен «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты қатысушыларымен кездесу өтті. Қазірдің өзінде «Жас Отан» студенттері мен оқушыларының әрбірінің өз бизнесін құруға сандаған идеялары бар. Ал ойдағыны іске асыруға, оларды кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары қызықтырады.

13 шілде күні Астана қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында қала кәсіпкерлеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

2015 жылдың 10 шілдесінде Батыс Қазақстан облыстық Кәсіпкерлік және инудстриалдық – инновациялық басқармасы Аймақтық кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» Қорының қолдауымен өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөнінде семинар – кеңес ұйымдастырды.

Елімізде соңғы жылдары балабақша ашу табысты кәсіп көзіне айналғаны белгілі. Осы салада Қызылорда қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында балабақша ашуға ниетті бастаушы кәсіпкерлерге аталған бизнес түрін меңгеру мен одан табыс табу жолдарын үйретуге арналған семинар өтті. Шараға арнайы шақыртылған мамандар бала бақша ашу үшін жеңілдетілген неселерді алу, бала бақшаны заңды тіркеу, бала бақша ғимаратына қойылатын талаптар мен әр балаға берілетін субсидиялар жайында кеңестерімен бөлісті.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша "Даму" Қорының КҚКО кеңесшілері өңірдегі тұрғындар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету бойынша марафон ұйымдастырды.

Атырау қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында әйелдерге арналған кезекті семинар өтті. Бұл жолы өңкей ауылдық жердің қыз-келіншектері қатысты. Шараны - «Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының» облыстық филиалы мен «Даму» Қорының Атырау филиалының облыс әкімдігі қасындағы отбасылық-демографиялық саясат және әйелдер ісі бойынша комиссиясымен бірігіп ұйымдастырды. Қатысушылар арасында бастауыш және әрекеттегі кәсіпкер әйелдер де болды.