Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

Сенім телефоны:

+7 (727) 244-83-25 (26,29)

Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Біздің іс-шаралар: семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер мен таныстырылымдар

Кездесу барысында инвестициялық, экономиканың басымдық берілген салалары және бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер талқыланды. Кәсіпкерлерді қаржыландырудың мемлекеттік және жергілікті бағдарламалары ұсынылды.
27 қыркүйек күні Талдықорған қаласында облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқовтың төрағалық етуімен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаcын жүзеге асыру бойынша Алматы облысының әкімдігі жанындағы облыстық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Онда жалпы құны үш жарым млрд. теңгеден асатын қырықтан астам бизнес-өтінім түсті.
Оқу кезінде тәжірибе жүзінде қолданып көруге болатын және болашақта қажеттеріне жарайтын нақты кеңестер берілді, Назарбаев университеттегі оқу сапасы шын мәнінде халықаралық деңгейде, ал тақырыптары бизнесі бар жандар үшін өзекті,- дейді кәсіпкерлер.
Аталған жоба шеңберінде оқудан 32 адам өтсе, соның ішінде 12 адам өз жобаларын байқауға ұсынды. Олардың ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ателье, оқу орталығы, жиһаз өндірісі, тауар тасымалдау компаниясы, кітап кафесі, кондитерлік цех, мүгедектерге арналған спорттық сауықтыру орталығы және тағы басқа жобалар болды.
Жиын барысында бағдарлама туралы Ә.Ағыбаева баяндама жасағаннан кейін, кәсіпкерлер тарапынан бағдарламаның шарттары, банктер қойып отырған талаптар, кепілдік мәселесі бойынша көптеген сауалдар қойып, жауап алды.
Бағдарлама бойынша Қарағанды облысының 8 моноқаласында және Қарағанды қаласында «Даму» Қорының Басқарма Төрағасының орынбасары Нұрлан Сағындықұлы Ақшанов кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Кездесу барысында кәсіпкерлер жаңа бағдарлама бойынша көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды.
08 қыркүйек күні Орал қалалық әкімшіліктің кіші залында 50-ге жуық кәсіпкер «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» жылдарға арналған бағдарламасының шарттары туралы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшановтың өзінен толық түсініктеме алды.
6-7 қыркүйек күндері екінші деңгейлі банктер (ЕДБ), Кентау, Түркістан және Шымкент қаласы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікке жұмылдыруды дамыту бағдарламасын» айқындау бойынша жиын өтті. Шараға іс бастаушы және бизнесі бар 91 кәсіпкер қатысты.
Жеңімпаз команда «Даму» қорының кубогына ие болып, құрмет грамотасымен марапатталды.
6 қыркүйек күні Семей қаласында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» талқыланды.